Ауыл шаруашылығы министрлігі қант импорттауға квота белгіледі.

өлінетін квота көлемінің 85%-н өтінім беруші-қант зауыттары арасында өнеркәсіптік өңдеуге арналған құрақ қанты шикізатын және тек қана ішкі нарықта өткізуге арналған ақ қантты әкелуге; қалған 15%-н өтінім берушілер арасында құрамында қанты бар өнімдер өндіруге арналған ақ қантты әкелуге беріледі", деп хабарлайды министрлік.

Қазақстан Республикасының аумағына ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімінде кедендік баждарды төлемей, Қазақстан Республикасына 102 377,8 тоннадан аспайтын жиынтық көлемде әкелуге өтінімдер қабылдауды жүзеге асырады.

Өнеркәсіптік өңдеуге арналған құрақ қанты шикізатын және тек қана ішкі нарықта өткізуге арналған ақ қантты әкелуге квота бір өтінім беруші үшін 30 000 (отыз мың) тоннаны құрайды.