Бөлшек сауда көлемі 2023 жылғы қаңтарда 1 059,1 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 20,8% жоғары. Саудамен айналысатын кәсіпорындардың тауарларды бөлшек саудада өткізу көлемі 32,6% өсті.
Азық-түлік тауарларының бөлшек саудадағы жалпы көлеміндегі үлесі – 27,6%, азық-түлік емес тауарлардікі – 72,4%.
Сату көлемінің ең көп өсуі азық-түлік емес тауарлар бойынша, атап айтқанда фармацевтикалық тауарлар, мотор отыны, автомобиль, нан-тоқаш, ұннан жасалған және қантты кондитерлік өнімдер, тоқыма және шұлық бұйымдары, автомобиль бөлшектері, киім, компьютерлер, перифериялық жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету, косметикалық тауарлар мен жеке гигиена керек-жарақтарын және электр құралдарын сататын кәсіпорындарда байқалды.
2023 жылғы 1 ақпанға сауда кәсіпорындарының тауар қорларының көлемі (есеп берген кәсіпорындар бойынша) бөлшек саудада 1 456,2 млрд теңгені, сауда күндерінде 76 күнді құрады (2022 жылғы 1 ақпанға сауда кәсіпорындарының тауар қорларының көлемі – 1 087,9 млрд теңгені, сауда күндерінде – 86 күн).
2023 жылғы қаңтарда республикадағы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі едәуір жоғары үлес салмақ Алматы (31,7%) мен Астана қалаларына (12,2%), Қарағанды (8,4%) және Шығыс Қазақстан (6,2%) облыстарына келеді.