Қайталама нарықтағы үйлер күрт қымбаттады

Бұл туралы Статистика бюросы мәлімдеді.

2022 жылғы ақпанда тұрғын үйді сатып алу-сатудың тіркелген мәмілелерінің саны 46577 құрады және 2022 жылғы қаңтармен (33365) салыстырғанда 39,6% артты. 2022 жылғы қаңтар-ақпанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны алдынғы жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 17,8% артты.

Бір жылда (2022 жылғы ақпан 2021 жылғы ақпанға) пәтерлерді қайта сату бағалары – 24,5%, жаңа тұрғын үйлерді сату 14,6% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 2022 жылғы ақпанда 2021 жылғы ақпанмен салыстырғанда 19,1% жоғары болды.

Бір айда (2022 жылғы ақпан 2022 жылғы қаңтарға) пәтерлерді қайта сату бағаларына өсу қарқыны 2021 жылғы ақпанда 3,1%-дан 2022 жылғы ақпанда 5,5% байқалды. Жаңа тұрғын үйлерді сату бағалары бір айда 0,4% өсті, бұл 2021 жылғы ақпаннан 0,8 пайыздық тармаққа төмен, абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі – тиісінше 0,6% және 1 пайыздық тармаққа.