Қазақстанның солтүстігі мен шығысында тұратын азаматтар алкоголь мен темекіге ең көп ақша жұмсайды. Бұл туралы Бірінші несиелік бюро хабарлайды.

2022 жылдың үшінші тоқсанында Шығыс Қазақстан облысының әрбір тұрғыны ішімдікке 3230 теңге жұмсаған. Бұл орташа республикалық деңгейден 2,4 есе, темекіге – 7 482 теңге (Қазақстан бойынша орташа деңгейден 2,2 есе көп). Павлодар облысында шығыстар сәйкесінше 3052 теңге және 8957 теңгені құрады. Солтүстік Қазақстанда – 2 772 теңге және 7 631 теңге.

Алкоголь мен темекіге ең аз шығын Маңғыстау облысында тіркелгені атап өтілді. Орташа тұрғын тоқсанына алкогольге 151 теңге (үш ай сайын шамамен бір банка сыра), темекіге (айына бір қорап) 694 теңге жұмсаған.

Алкогольге жұмсалған шығын республика бойынша орта есеппен 1351 теңгені құрады, бұл 2021 жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда 3,2%-ға аз. Ал темекінің құны өсуде: тоқсанына бір адамға 3415 теңге, бұл бір жыл бұрынғыдан 10 пайызға артық.

Биыл Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша Қазақстанның әлемдегі ең көп ішетін 10 елдің қатарына кіргенін хабарлады. Алкогольді тұтыну деңгейі қазақстандық ер адамдар үшін жылына 25 литр, әйелдер үшін жылына шамамен 9 литр.

Еске салайық, салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруға 2022 жылға республикалық бюджеттен 147 млн ​​теңге бөлінген болатын.