Бүгін президенттің қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті.
11 айда экономиканың өсімі 4,6 пайыздан 2,7 пайызға дейін төмендеді. Инфляция соңғы 14 жылда болмаған деңгейге жетті. Қазір бұл көрсеткіш – 19,6 пайыз.
Төменде президенттің сөзі:
«Менің сайлау алдындағы бағдарламамда еліміздің жаңа бағдары айқындалды.Біз азаматтардың табысын арттырып, өмір сапасын жақсартуға баса назар аударатын боламыз. Мақсатымыз – айқын, міндеттер – белгілі. Енді білек сыбана жұмыс істеу керек. Осы орайда, мынадай бағыттарға ерекше мән беру қажет деп санаймын.
БІРІНШІ. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы мәселелерді шешу қажет. Негізі, бұл – ауыл мен қаланың ауқымында шешіле беретін тұрмыстық мәселе. Бірақ біз оны Үкіметтің деңгейінде қарауға мәжбүрміз. Өйткені осы саладағы төтенше оқиғалар тым көп болып кетті. Петропавлда, Теміртауда, Степногорскіде, Балқашта, Қарағандыда, Ақтөбеде және Риддерде апаттар болды. Бірақ соның ешқайсысынан әкімдер мен министрлер, ең бастысы, меншік иелері тиісті қорытынды жасаған жоқ. Ал жақында Екібастұзда болған төтенше жағдай бұл саладағы ахуалдың қаншалықты күрделі екенін айқын көрсетті. Қызметкерлердің жауапсыздығы, бақылау жүйесінің қауқарсыздығы мыңдаған адамды жылусыз қалдырды. Жауапты қызметкерлер қысты қалыпты режимде, аман-есен өткіземіз деп есеп берген. Бірақ іс жүзінде жағдайдың қалай болып жатқанын көріп отырсыздар. Павлодар облысының әкімі өз өтінішімен қызметінен босатылды. Ал құзырлы мемлекеттік орган – Энергетика министрлігінің ешқандай әрекетін көрген жоқпыз, бұл мекеме апатқа селқос қарап, бейтараптық танытты. Сондай-ақ төтенше жағдай қызметтерінің жұмысы дұрыс жолға қойылмаған. Олар баяу қимылдап, салғырттық танытты.
Менің тапсырмам бойынша Президент Әкімшілігі жанынан құрылған арнайы комиссия кешенді шаралар әзірледі. Соған сәйкес бақылау-қадағалау тетігін күшейтіп, меншік иелерінің жауапкершілігін және жалпы саланың тиімділігін арттыру қажет. Комиссия дұрыс жұмыс істемей тұрған 19 жылу электр орталығын анықтады. Оларды шұғыл жаңғырту қажет.
Алдын ала есеп бойынша оған шамамен 90 миллиард теңге керек. Бұл қаражат, әрине, энергетикалық кәсіпорындардың тарифтік сметасында ескерілгені жөн.
Әрине, тариф саясатының дұрыс жүргізілмеуі – соның басты себебінің бірі. Осы саясат табиғи монополия қызметтерінің сапалы әрі қолжетімді болуын қамтамасыз етуге тиіс. Бұл қызметтің тегін болмайтыны түсінікті. Нысандарды күтіп ұстауға және жаңғыртуға қажетті қаражат тариф есебінен бөлінуі керек. Бизнестен шығынға батып жұмыс істе деп талап ету орынсыз. Әр нәрсе жөнімен жасалуға тиіс. Мен бұл туралы Жолдауда айттым. Бірақ нақты әрі нәтижелі жұмыс әлі атқарылмай отыр. Жаңа тариф саясатының ережелері бекітілген жоқ. Тарифтерді қарастыру және келісу үдерісі жабық есік жағдайында өтеді. Табиғи монополия субъектілерінің міндеттемелерді орындау тәртібін тиісті деңгейде қадағалау керек.
ЕКІНШІ. Халықтың әл-ауқатын жақсарту керек. Негізгі тағам өнімдерінің қымбаттауы инфляцияның өсуіне себеп болып жатыр. Азық-түлік инфляциясы 24 пайыздан асты. Тұрғындардың ақшалай табысының өсу қарқыны соңғы 5 жылдағы ең төмен деңгейде тұр. Елімізде қағаз жүзінде жұмыс істейтін, уақытша жұмыс істемейтін, өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған және жұмыссыз деп көрсетілген 900 мыңға жуық адам бар. Негізгі құжат – Халықтың табысын арттыру бағдарламасы. Оны қазіргі жағдайларға сәйкестендіру керек,
Тағы бір мәселе. Біз шетелден әкелінген автокөліктерді заңдастыру туралы шешім қабылдадық. Алайда Үкімет ақпараттық жұмысты дұрыс жүргізген жоқ. Соның кесірінен жұрт бұл науқан қалай жүргізілетінін білмей, әуре-сарсаңға түсіп жүр. Нақты қандай көліктерді заңдастыруға болатынынан да хабарсыз. Мұндай маңызды мәліметтер азаматтарға қолжетімді болуға тиіс және оны сенімді ақпарат көздерінен алуы қажет. Елді алаңдатып, дүрбелең туғызбау үшін Үкімет мұның бәрін тұрақты түрде халыққа қарапайым тілмен түсіндіріп отыруы керек.
Енді инвестиция саясатына келейік. Менің тапсырмаммен инвестициялық жобалардың бірыңғай жүйесі әзірленді. Алайда биыл жоспардағы 284 инвестициялық жобаның 43-і ғана жүзеге асырылған. Яғни, небәрі 15 пайызы іске қосылған. Мұның бәріне құр цифр ретінде қарауға болмайды. Өйткені соның кесірінен көптеген жұмыс орны ашылмай қалды. Ел экономикасы миллиардтаған теңге қаржыдан қағылды. Сыртқы істер министрлігі шетелден инвестор тарту үшін тиімді жұмыс атқарып жатқанын атап өткен жөн. Елшілер шетелдерде түрлі кездесу өткізіп, елімізге инвесторларды жетелеп әкеледі деуге болады. Бірақ жобаны жүзеге асыратын кезде жергілікті жерде түрлі мәселе туындайды. Бір сөзбен айтсақ, біз дайын инвесторлардан айырылып қалып жатырмыз. Тағы да қайталап айтамын, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға жағдай жасау яғни, жер бөлу, рұқсатнама беру, инфрақұрылыммен қамту – әкімдердің міндеті. Әрине, орталыққа да өзгеріс жасау керек. Осыған қатысты бірқатар ұсыныс бар екенін білемін. Премьер-Министр Экономикалық саясат жөніндегі кеңесте бәрін қайтадан талқылап, өзара келісілген шешімді маған енгізуі қажет.
Келесі – баға белгілеу мәселесі. Бұл мәселе бойынша бірнеше талқылау болды. Азық-түлік бағасын өсірмеу үшін негізгі бағыттар бойынша нақты жұмыс жүргізу керек. Өнімнің өзіндік құнын төмендету, қажетсіз делдалдан арылу туралы біз бірнеше рет айттық. Сауда желілерін қолжетімді етіп, айналымға қаржы салу үшін арзан несие беру тәсілін де қолдануға болады. Бұл бағытта алғашқы қадамдар жасалды. Тауар өндірушіден алдын-ала тікелей сатып алу ережесі қабылданды. Бюджеттен қаржы бөлінетін болды. Дегенмен көптеген шаруаның көкөніс сақтайтын жері жоқ. Сол себепті олар өнімдерін егіс басынан тікелей сатуға мәжбүр болады. Оның салдары бәрімізге белгілі. Ауыл тұрғындары біраз табысынан қағылады. Азық-түліктің бағасы жыл мезгіліне қарай қатты өзгереді. Күзде су тегін нәрсе көктемде шарықтап шыға келеді. Мұның шешімі біреу ғана – қойма инфрақұрылымын жасау керек. Бірақ бұл бағыттағы жұмыс баяу жүріп жатыр.
Былтыр 83 мың тонна өнім сақтайтын қойма салу жоспарланғанмен, оның 64 мыңы ғана пайдалануға берілді немесе жоспар 77 пайызға орындалды. Биыл жұмыс біршама жандана түсті. 98 мың тонналық қойма салу жоспарланып, соның 87 мың тоннасы қазірдің өзінде іске қосылды. Дегенмен бұл бағыттағы шаруаны әлі де ширата түсу керек. Бүгінгі таңда азық-түлік қауіпсіздігі елді өркендетудің басты шарты екенін түсіну қажет. Агроөнеркәсіп кешенін, әсіресе ауыл шаруашылығы өнімін өңдеуді дамыту Үкімет пен әкімдер үшін басты басымдық болуға тиіс.
ҮШІНШІ. Әділ және тиімді экономикалық саясат жүргізілуі керек. Елімізде әділ бәсеке орнап, бизнес адал жұмыс істесе, әділетті нарықтық экономика құрылады. Ең алдымен, отандық кәсіпкерлердің сенімін арттыру өте маңызды. Экономиканы монополиядан арылту үшін мекемеаралық комиссия құрылды. Бұл комиссия қажетті жұмысты тиімді жүргізіп жатыр. Қазір жеке меншікке заңсыз өтіп кеткен активтерді қайтаруға баса мән беріліп отыр. Бірақ кейбір мәселелер назардан тыс қалып барады. Экономикаға мемлекеттің қатысуын азайту, монополистерді өзіне жанама қатысы бар нарықтың қызметіне араластырмау – өте маңызды жұмыс. Әкімшілік кедергілерді азайтып, нарыққа баға белгілеу арқылы қысым жасауды тоқтату керек.
Сондай-ақ Бас прокуратураның жанынан арнайы комиссия құрылғанын білесіздер. Комиссия заңсыз жолмен алынған және сыртқа шығарылған активтерді мемлекетке қайтарумен шұғылданады. Мен жақында арнайы Жарлыққа қол қойдым. Осылайша, бұл бағыттағы жұмыстың аясы нақтыланды. Осы шаруамен айналысатын қызметтер ұйымдастыру және кадрлық жағынан күшейтіледі. Жұмыстың тиімділігі артады деп сенемін.
Келесі мәселе – бюджет саясаты. Үкімет бюджеттің тұрақты болуын қамтамасыз етуі керек. Ұлттық қордың трансфертіне тәуелділіктен біртіндеп құтылуымыз қажет. Бір жылдан кейін Ұлттық қордың инвестициялық табысының жартысын балалардың есепшотына аудара бастаймыз. Сол кезде барша азаматтар Ұлттық қордағы ахуалды жіті қадағалап отыратын болады. «Әрбір азамат – ұлттық байлықтың иесі» деген сөз жай ұран емес. Бұл нағыз халықтық, қоғамдық бақылаудың басталғанын білдіреді. Үкімет те, Ұлттық банк те мұны жете түсінуі керек. Тағы да естеріңізге саламын, алдағы 7 жылда Ұлттық қордың активтері 100 миллиард долларға жетуге тиіс. Сондықтан ақшаны азырақ жұмсап, көбірек табыс табу керек. Қазір бұл мәселеде олқылықтар бар. Ұлттық қордың инвестициялық кірісі өзге елдердің мұндай қорларымен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Ұлттық қордың жылдық табысы соңғы 10 жылда 1,6 пайыз болды. Сингапурдағы осындай қор 6,4 ал Норвегияның қоры 7,5 пайыз табыс тапқан. Демек, біздегі қорды басқару міндетін атқаратын органның жұмысы айтарлықтай тиімді деп айтуға болмайды. Ұлттық банкке Үкіметпен бірлесіп, Ұлттық қорды басқару ісін жетілдіру туралы ұсыныс енгізуді тапсырамын. Онда мен айтып өткен кемшіліктер түгел ескерілуге тиіс.
Жер қойнауын пайдалану саласында бірқатар түйткілдер бар. Бас прокуратура Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп, жер қойнауын пайдалану ісінің барлық сатысында заң бұзылатынын анықтады. Мемлекеттік жер қойнауын басқару бағдарламасында бұрмаланған немесе ескірген мәліметтер бар. Қоры нақтыланған және игеруге дайын тұрған кен орындарына барлау жұмысын жүргізуге 143 лицензия мен келісім-шарт заңсыз берілген. Елімізде құнды пайдалы қазбасы бар кен орындары аз емес. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар осындай яғни, алтын, мыс, мырыш, т.б. 87 кенішті заңсыз алған. Олар байқау өткізу рәсімдерін айналып өтіп, кеніштерді жеке компанияларға сутегін берген. Үкіметке Бас прокуратурамен бірлесіп, заңсыз берілген кен орындарын мемлекет меншігіне қайтару үшін тиісті шаралар қабылдауды тапсырамын. Сосын бұл жерлер адал жұмыс істейтін инвесторларға ұсынылады. Оларға тиісті міндеттемелер жүктеледі. Соңғы кезде геология саласындағы реформаларды созбалаңға салуға әрекет жасалып жатқанын көріп отырмыз. Баяғы кеңестік жүйеге қайта оралып, жер қойнауын «шағын топтың ғана игілігіне» айналдырғысы келетіндер бар. Қазақстанның жер қойнауы инвесторлар үшін ашық болуы керек. Сондықтан Үкімет бұл салада тәртіп орнатуға тиіс.
ТӨРТІНШІ. Ауылдық жерлерді дамыту керек. Мен Ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырдым. Бұл – менің жаңа президенттік өкілеттігім басталғаннан кейінгі алғашқы Жарлығым. Келесі жыл ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға және тұрмыс сапасын жақсартуға арналады. Тұжырымдаманы әзірлеуге мамандарды, шаруаларды және жергілікті қоғам белсенділерін тарту қажет. Ауылды өркендетудің мүлдем тың тәсілдері керек. Әрине, ол нақты іске асырылуға тиіс. Жер – ауылдағы тұрғындардың негізгі табыс көзі. Өкінішке қарай, елді мекендердің төңірегінде жайылым жетіспейді. Шамамен 8,8 миллион гектар жер тапшы. Менің тапсырмаммен 5,2 миллион гектарға жуық ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл – негізінен, жайылымдық жерлер. Енді Үкімет облыс әкімдіктерімен бірлесіп, жерді бөліп-тарату үшін мониторинг картасын әзірлеуге тиіс. Сол арқылы жайылымдық жерге мұқтаж ауыл халқының жағдайын жасаймыз.
Жалпы, «Бармақ басты, көз қысты» дегенді мүлдем доғару қажет. Өзара ымыраласқан, астыртын шешім қабылдауға болмайды. Жекелеген шаруашылықтардың емес, ауыл тұрғындарының мүддесі бірінші орында тұруға тиіс. Ауыл жұртының көпшілігінде жер үлесі бар. Бірақ халық оның игілігін көре алмай отыр. Азық-түлік қауіпсіздігі бүкіл әлем бойынша басты мәселеге айналды. Биыл біздің елде астық мол шықты. Бірақ егіннің орташа шығымы әлі де төмен. Бұл салада заманауи технологияны қолдану өте маңызды. Шаруаларды осыған ынталандыру керек. Сондай-ақ тыңайтқыштың қолжетімді болуын қамтамасыз еткен жөн. Ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу ісін жақсартуға баса назар аудару қажет. Мемлекет жыл сайын агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 350 миллиард теңгеден астам субсидия бөледі. Соған қарамастан, терең өңдеу өндірісі дамып жатқан жоқ.
Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың ұлттық жобасындағы жоспарлар орындалмай жатыр. Мысалы, ауыл шаруашылығы өнімін өңдеуге қатысты 65 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Іс жүзінде оның 31-і ғана іске қосылды. Сол сияқты 7 құс фабрикасының орнына 3 фабрика салынды. Балық өндіретін 11 жобаның жетеуі ғана пайдалануға берілді. Біз елімізді негізгі азық-түлікпен толық қамтамасыз етуіміз керек. Сондықтан Үкімет жоспарланған барлық жобаларды жүзеге асыруға міндетті. Келесі жылы ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту жөніндегі ауқымды жобаны бастаймыз. Оған 1 триллион теңге бөлінеді. Бұл жоба 1 миллион ауыл тұрғынын қамтиды.
Сондай-ақ ауылдағы әлеуметтік салада өзгерістер болады. Ауылдың денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту үшін арнайы жоба қолға алынады. Шамамен 700 жаңа медицина нысаны салынады. Көп салалы 32 аудандық ауруханада жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Осының бәріне 200 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінеді. Жалпы, аймақтарда инфрақұрылымға қатысты мәселелер аз емес. Тұрғын үй тапшылығы, жылу, энергия және су желілерінің ескіргені, жолдардың тозып тұрғаны баршаға мәлім. Бүгінгі басқосуға облыс әкімдері қатысып отыр. Жаңадан тағайындалған басшылар да бар. Сіздерге сенім артамыз. Әр аймақты тұрмыс сапасы жоғары «қуатты өңірге» айналдыру үшін зор мүмкіндік беріліп отыр. Табанды жұмыс істеу қажет.
БЕСІНШІ. Экономиканы несиелендіру және халықтың қарыз жүктемесін азайту. Мен нақты экономиканы несиелендіруді кеңейту қажеттігі туралы бірнеше рет айтқан болатынмын. Кәсіпорын қолжетімді қаржыландыруды қажет етеді. Менің тапсырмам бойынша шұғыл шешімдер пакеті әзірленді. Ол осы сектордағы жүйелі мәселелерді шешуге бағытталған. Атап айтқанда, БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтарының 50%-ға дейінгі бөлігін жекеменшік басқаруға беру құқығы кеңейтіледі. Бұл бизнесті несиелеуге қажетті «ұзақ ақшаны» жасайды. Агроөнеркәсіп кешенін несиелендіруді ұлғайту мақсатында астық қолхаттары институты толығымен цифрландырылып, қайта іске қосылады. Олар агроөнеркәсіп кешені кәсіпорындарының сенімді кепіліне айналады. Бұл экономиканың осы секторын белсендірек несиелендіруге мүмкіндік беретін жер қойнауын пайдалану құқығына да қатысты. Сонымен қатар, Үкімет пен қаржылық реттеуші органдардың «Қарапайым заттардың экономикасы» бағдарламасы аясында сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау шарттарын 7 жылға дейін ұзарту мүмкіндігін қарастырғанын мақсатқа сай деп санаймын. Әрине, бұл экономиканың ең басым секторларына ғана әсер етуі керек.
Дәл осындай икемділік субсидиялар мөлшерлемелерін саралау кезінде де қолданылуы керек. Осымен қатар Ұлттық банктің ноталары бойынша банктердің кірістеріне салық салу да қайта қаралатын болады. Бұл оларға экономикаға тікелей әсер етпейтін жоғары кірісті қаржы құралдарына емес, нақты бизнес-жобаларды несиелендіруге инвестициялауға қажетті ынталандыру береді.
Сонымен қатар, тұтынушылық несиелендірудің шамадан тыс «дәрежесін азайту» қажет. Өкінішке орай, бейсаналық тұтыну елеулі теңгерімсіздіктерге әкелуі мүмкін, оның белгілері біз жылдар бойы көріп жүр.
Бүгінде проблемалық несиелердің көлемі жарты триллион теңгеге жетті. Миллионнан астам адам енді өз міндеттемелерін төлей алмайды. Олардың көпшілігі шарасыздық шегіне жетіп, ескісін өтеу үшін жаңа несие алуға мәжбүр. Сондықтан 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Жеке тұлғаларды оңалту және банкроттық туралы» Заң күшіне енуі керек.
Бұған қоса, кепілсіз онлайн микрокредитті де қатаң реттеу қажет. Кейбір елдерде оған толығымен тыйым салынған. Бұл тәжірибені зерттеу керек.
90 күннен астам мерзімі өткен қарыз алушыларды жаңа міндеттемелерді қабылдаудан «қорғау» тетігін ойластыру қажет. Жақын арада тиісті Жарлыққа қол қоямын.
АЛТЫНШЫ. Мен жаңа әкімшілік реформа жүргізуді тапсырдым. Басты мақсат – атқарушы билік органдары жұмысының тиімділігін арттыру. Қолданыстағы заңдар мемлекеттік органдарға толық дербестік беріп отырған жоқ. Мысалы, өз саласында нормативтік құқықтық актілер қабылдау үшін олардың құзыреті заң жүзінде бекітілуі керек. Тапсырмалар уақтылы орындалмайды. Шешім дер кезінде қабылданбайды. Сол себепті, өзектілігін тез жоғалтады.
Бұл мәселені шешу үшін қазірдің өзінде заңнамаға мемлекеттік органдарға салалық құзыреті шегінде қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік беретін түзетулер енгізілуде. Бұл өз кезегінде басшы қызметкерлерден кәсібилікті, бастамашылдық пен көшбасшылықты талап етеді. Әрі қарай. Президент Әкімшілігі жүргізген талдау көрсеткендей, Үкімет функцияларының жартысына жуығы уәкілетті мемлекеттік органдар әзірлеген салалық шешімдерді ресми алқалық бекітуге келіп тіреледі. Бұл ретте Үкімет басқа функцияға ие – ол үйлестіру және басшылық ету керек. Жаңа әкімшілік реформа шеңберінде норма шығару тәжірибесін жаңғырту және мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы функцияларды орталықсыздандыру қажет. Осыған байланысты Үкіметке заңдар деңгейінде мемлекеттік органдардың негізгі міндеттері мен өкілеттіктерін ғана сақтай отырып, заңнамалық актілерді жүйелі түрде қайта қарауды жүргізу тапсырылды.
Салалық саясатты әзірлеу, оларды іске асыру және бақылау Үкімет деңгейінен орталық мемлекеттік органдар деңгейіне берілуі тиіс. Орталық пен өңірлер арасында функцияларды қайта бөлу бойынша осындай жұмыстар 2023 жылға дейін жүргізілуі тиіс.
Сонымен қатар, орталық және жергілікті деңгейде топ-менеджерлердің операциялық тәуелсіздігін қамтамасыз ете отырып, бюджеттеу тәсілдерін қайта қарау қажет. Дебюрократизация бойынша, әсіресе, жергілікті атқарушы органдар деңгейінде жүйелі жұмысты жалғастыру маңызды.
Азаматтар ең көп талап ететін процедураларды барынша оңтайландыру және қайта қарау қажет.
Әділетті әрі дамыған мемлекет құру үшін жаңа кадр саясатын жүргізу керек. Алдағы өзгерістер, ең алдымен, адам капиталына қатысты болады. Жаңа кадр саясаты меритократия және кәсібилік қағидаттарына негізделеді. Біз бірінші басшыларды осы қағидаттар бойынша тағайындаймыз. Сонымен бірге олардың орынбасарлары қаншалықты білікті екенін саралау қажет. Өйткені тұтас салалардың және аймақтардың дамуы көбіне орынбасарлардың жұмысына байланысты болады. Вице-министр және әкім орынбасары лауазымдарына нағыз кәсіби мамандар тағайындалуға тиіс. Мұндай қызметке жұртпен тілдесе алатын, көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар келуі керек. Яғни, шешім қабылдай алатын және жауапкершіліктен қорықпайтын азаматтар қажет. Олардың әділ, еңбекқор және отаншыл болуы аса маңызды.
Келесі жылы біз орталықта және жергілікті жерде ауқымды кадрлық өзгеріс жасаймыз. Бастықтардың үнемі бүйрегі бұрып тұратын адамдарымен қоштасуына тура келеді. Олардың орнын жаңа кадрлар басады. Қазақстанға тиімді жұмыс істейтін технократтар қажет. Министрлер және әкімдер өзіне қолайлы адамдарды ғана қызметке тағайындайтын әдетті доғаруға тиіс. Министрліктердің өзінде «керек адамын» тағайындау үшін заң талаптарын аттап өтетін немесе қалауынша өзгертіп алатын жағдайлар бар. Бұл әрекеттер барлық жерде кездеседі. Жер инспекциясы, құқық қорғау саласы, ревизиялық комиссия және басқа да бақылау органдары жергілікті биліктің ықпалында болмауы керек. Әділ бәсеке болмаса, кәсіби мамандар мемлекеттік қызметке қызықпайды. Дарынды жастар мемлекеттік қызметке келуге құлықсыз. Аймақтарда тек сол өңірдің азаматтары жұмыс істеуі керек деген қасаң түсініктен арылу керек. Адамның білікті болуы оның туған жеріне байланысты емес. Жұмыстың нақты нәтижесімен ғана бағаланады.
Сонымен бірге квазимемлекеттік секторда тәртіп орнататын кез келді. Корпоративтік басқарудың икемді болуы – ойыңа не келсе, соны істеу деген сөз емес. Азаматтарды қызметке тағайындау барынша ашық және әділ болуға тиіс. Себебі, бұл – ең алдымен, халыққа тиесілі мекемелер. Президент Әкімшілігі мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордағы тағайындауларды үнемі бақылауда ұстап отыруы керек. Жеке адамдардың мүддесін көздейтін кез келген әрекетке тосқауыл қойылуға тиіс. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жеке сектордағы білікті мамандарды мемлекеттік қызметке тарту үшін қолайлы жағдай жасауы қажет. Елімізді өркендетеміз десек, бәріміз бір ел болып күш жұмылдыруымыз керек.
Тағы бір маңызды сәт. Ағымдағы жылы мемлекеттік аппараттың санын қысқарту және өңірлердегі басшылықты оңтайландыру жұмыстары аясында әкім орынбасарларының саны қысқартылды, үш орынбасардан аспайтын лимит белгіленді. Өткен уақыт білім беру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық сияқты халық үшін өзекті мәселелердің қатары бойынша жергілікті үйлестіруді және жауапкершілікті азайтудың елеулі тәуекелдерін көрсетті. Әкiмдер әкiмдiк құрылымын функционалдық ету жөнiнде өтiнiштер жасауда. Үкіметке әкімдіктердің уәждерін мұқият зерделеп, келісілген, бірақ штат санын көбейтпей ұсыныс енгізуді тапсырамын.
ЖЕТІНШІ. Жұмыс тәртібін жақсарту. Мемлекеттік аппараттың жұмысында менің тапсырмаларымды орындауға ресми көзқарас сақталады. Түрлі себептермен мерзімдер кешіктіріліп, қайта-қайта кейінге шегеріледі.
Жыл басынан бері Президент Әкімшілігі мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға тапсырмалардың орындалу сапасы бойынша 400-ден астам ескертулер жолдаған. Бұл ретте тапсырмалардың орындалуын басты үйлестіруші ретінде Үкімет тарапынан бақылау тиісті деңгейде жүргізілмеген.
Үкіметтің қызметін қамтамасыз ететін орган ретінде Премьер-Министр Кеңсесінің бақылау қызметі негізінен мемлекеттік органдардың дайын есептерін жіберу және қайталаумен шектелді. Нұсқаулардың орындалу сапасына дұрыс талдау, бағалау жүргізілмеген.
Премьер-Министр Кеңсесін Үкіметтің жинақы аппаратына кешенді түрлендіру оның ведомствоаралық үйлестірудегі және салааралық мәселелерді шешудегі рөлін арттыра отырып жүзеге асырылуы тиіс. Қабылданған шешімдерді сапасыз орындау мәселелері министрлер мен ведомство басшыларының құзыретіне жатады.
Мемлекеттік органдардың басшылары әлі күнге дейін белгілі бір мәселелер бойынша дербес шешім қабылдаудан қорқады. Мемлекеттік органдар түрлі қисынды дәлелдерге сілтеме жасап, Президенттің немесе Президент Әкімшілігі басшылығының мақұлдауын алуға тырысады. Кейде Үкімет мүшелеріне жазбаша тапсырма беру керек, әйтпесе тапсырманы орындамау, жобаның жүзеге асуын бұзу қаупі бар.
Дебюрократизация туралы қаулы аясында біз Үкімет пен уәкілетті мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын өзекті мәселелер бойынша құжаттарды Әкімшілікке беруге тыйым салдық. Алайда бұл тәжірибе әлі жойылған жоқ.
Тағы бір маңызды сәт. Келіп түсетін сұраныстар массивімен жүйелі жұмысты ұйымдастыру қажет. Тек биылғы жылдың өзінде мемлекеттік органдарға адамдардың нақты мәселелері мен тілектері бар бір жарым миллионнан астам өтініш келіп түскен. Мемлекеттік органдарға өтініш беруді жеңілдету үшін E-Otinish жүйесі іске қосылды.
Талдау көрсеткендей, азаматтар өз сұрақтарына жауап таба алмай, Президент Әкімшілігіне хат жазуға мәжбүр. Көбісі жергілікті билік халықты естігісі келмейтінін, Елбасының саясатына қастандық жасап жатқанын тіке айтады. Сондықтан барлық мемлекеттік органдар өтініштермен ерекше жауапкершілікпен жұмыс істеуі керек. «Тыңдаушы мемлекет» концепциясын іске асыру бастапқыда белгіленген басымдықтардан кейін анық жүруі тиіс.
Бұл, ең алдымен, мемлекет пен қоғамның жүйелі байланысын орнату. Мемлекет жүйелі мәселелерді шешіп, сигналдарға тиімді әрекет етуі керек. Көптеген адамдар әлеуметтік желілердің әлеуетін өз мүдделері үшін пайдаланады.
Өкінішке орай, мемлекеттік органдар осыған жетелейді, бұл көбінесе қолда бар ресурстарды тиімсіз пайдалануға әкеледі. Ол ұзаққа созылған мәселелерді шешпейді.
Бүгінгі жағдай сондай, мемлекеттік органдардың назары енді халықтың шынайы ұмтылысына емес, шындыққа қатысы шамалы әлеуметтік желідегі ленталарға аударылады.
Мысалы, құқық қорғау органдары БАҚ пен әлеуметтік желілерде қайталанатын ұсақ әкімшілік құқық бұзушылықтарға жедел және нақты жауап береді.
Әрине, әлеуметтік желілер билік пен қоғам арасындағы жақсы диалог алаңына айналды. Бірақ бұл өзара әрекеттесудің жалғыз формасынан алыс. Оны абсолютизациялау мүмкін емес, өйткені ол біздің қоғамның аз ғана бөлігін қамтиды. Мен министрліктер, әкімдіктер, мемлекеттік аппарат қызметкерлеріне виртуалды әлемде саяхаттауға кеңес бермеймін, өйткені шынайы әлемде жазаларыңызды аласыз.
Виртуалды әлем қауіпті, өйткені ол иллюзиялар мен адасушылықтарды тудырады. «Диван сарапшысының» әрбір пікірін халық қолдауы немесе керісінше, жалпы айыптау және айыптау ретінде қабылдай алмайсыз. Халықтың барлық санаттарының пікірлері мен өтініштерін ескеру, азаматтардың өзекті мәселелерін тиімді шешу қажет.
Күн сайын миллиондаған қазақстандықтар өз жұмысын сабырлы да адал атқаруда, Отан игілігі үшін еңбек етуде – олар балалар мен студенттерді оқытады, науқастарды емдейді, үй салады, нан өсіреді, көшелер мен саябақтарды тазартады. Олардың көпшілігі саясаттан, әлеуметтік желілердегі хайптан алшақ. Олар еліміздің басты тірегі. Сондықтан, дәл осы адамдар, ең алдымен, «есту мемлекетінің нақты қолдауын сезінуі керек.
Сөзімнің соңында тағы бір маңызды мәселеге тоқталғым келеді. Ашығын айтуымыз керек, Үкімет биыл еліміз тап болған сын-қатерлерге қарсы тиімді жұмыс істей алмады. Қойылған міндеттер толыққанды орындалған жоқ. Ал кейбір бағыттар бойынша мүлде жұмыс жасалған жоқ. Мысалы, әбден ескірген, қажеті жоқ нормативтік актілерді жою керек екені осыған дейін де бірнеше рет айтылды, Үкіметке тиісті тапсырмалар да берілді. Соның кесірінен министрлер және мекеме басшылары өздігінен әрекет етіп, жедел шешім қабылдай алмайды. Бітпейтін жиналыстарға, құжатты келісу жұмысына өте көп уақыт кетеді. Министрлік және ұлттық компания басшылары нақты шешім қабылдауға келгенде, өздеріне жауапкершілік алудан бастарын алып қашады. Ал тұтас елдің, халықтың тағдыры сол маңызды шешімге байланысты болып жататыны, өкінішке қарай, ескерілмейді. Үкімет пен Президент Әкімшілігі арасындағы өзара іс-қимыл дұрыс жолға қойылмаған.
Жұртшылық Үкіметтің де, барлық деңгейдегі әкімдердің де жұмысына қатысты арыз-шағым айтуда. Халықтың сөзінің жаны бар. Өйткені шын мәнінде, күн көру қиындап барады, баға шарықтап өсуде. Қаладағы және ауылдағы тұрғындардың өмірі үшін аса маңызды инфрақұрылымның тозығы жеткен, тіпті, мүшкіл халде десек те артық емес. Мұндай кезде қол қусырып, жайбарақат отыруға болмайды. Осындай жағдай бәрімізге қауіп төндіретіні анық. Оның үстіне, келесі жыл қазіргіден де күрделі, қиын болуы әбден мүмкін.
Үкіметтің негізгі міндеті – еліміздегі экономикалық мәселелерді шешумен айналысу. Бұл – Үкімет мүшелерінің, әкімдердің, ұлттық компания басшыларының тікелей жауапкершілігі. Сондықтан мен Премьер-Министр Әлихан Асханұлы Смайыловтан шынайы жауап алғым келеді.
Жалпы, Жаңа жылға Үкіметтің осы құрамымен аяқ басуға бола ма? Президенттің сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру Үкіметтің қолынан келе ме? Үкімет іштен және сырттан болатын барлық экономикалық қауіп-қатерлерге қарсы тұра ала ма? Меніңше, бұл мәселелер Мемлекет басшысының Премьер-Министрмен және Парламент депутаттарымен өткізетін консультациялары кезінде мұқият талқылануы керек.
Алдымызда тұрған міндеттер – өте күрделі. Бұл міндеттер бүкіл ел азаматтарына қатысты. Сондықтан біз парасатты түрде, бірлігімізді сақтап, бәріміз бірге еңбек етуіміз керек.
Келесі жылдың бірінші жартысында елімізде Парламент сайлауы өтеді. Мен ұсынған саяси реформалар бағдарламасына сәйкес заң шығару билігі және жергілікті өкілді органдар сапалық тұрғыдан маңызды өзгеріске ұшырайды.
Үкімет те осы реформа үдерісінен тыс қалмауға тиіс. Бұл жұмыс бір уақытта, бір қарқынмен жүргізілуі керек. Сол себепті, мен барша Үкімет мүшелері осы мәселе жөнінде ойлануы керек деп санаймын.
Халқымыздың игілігі үшін жасап жатқан жұмыстарыңыз табысты болсын.