Сарапшылардың пайымдауынша, 2040 жылға қарай суға деген сұраныс 50 пайызға артады. Қазақстан 2050 жылға қарай «суға өте мұқтаж» елдердің санатына кіруі мүмкін. Бұл туралы Қасым Жомарт-Тоқаев елің әлеуметтік-экономикалық даму туралы жиында айтты. 

Қазір елімізде 600 мыңнан астам адам таза ауызсуға зәру. Бұл – ауылдағы ағайын ғана емес, қала халқы үшін де өте өзекті мәселе. Ірі шаһарлардың инфрақұрылымы жылдан-жылға артып келе жатқан сұранысқа жауап бере алмай отыр. Тіпті, Астананың өзінде су тапшылығы қатты сезіле бастады. Басты себептің бірі – құрылыстың көбеюі. Үнемшіл болмасақ, таза су беретін жаңа нысандарды іске қосқанмен, тапшылықты жоя алмаймыз.

Біз үшін бұл өте маңызды. Қазақстан өндірілген бір доллар ІЖӨ-ге Ресей немесе АҚШ-қа қарағанда 3 есе, Австралияға қарағанда 6 есе көп суды қажет етеді. Су шаруашылығы нысандарын орталықтандырылған басқаруға жауапты кәсіпорындардың жұмысын талдау олардың тиімділігінің төмендігін көрсетті.

Су шаруашылығы мен ирригациялық-дренаждық жүйелерді қайта құруға халықаралық қаржы ұйымдарының несиелері дұрыс игерілмей отыр. Кадр мәселесі өткір тұр. Үкімет су шаруашылығы мамандарын дайындайтын базалық университетті белгіледі.

Енді басқару жүйесінің өзін қайта жүктеу керек. Қазводхозды қаржылық тұрақты ұйымға айналдыру керек. Ол су шаруашылығын өзгертуде жетекші рөл атқарады.