Pfizer — биофармацевтикалық өнімдерді ашатын, дамытатын және сататын жаһандық биофармацевтикалық компания. 2023 жылы компания әлемдегі фармацевтикалық компаниялар арасында табысы бойынша төртінші орынға ие болды.

Halyk Finance болжамынша, компания акциясының өсім әлеуеті +20%. Оған төмендегі факторлар ықпал етпек:

  • Семіздікті емдеудің құны жыл сайын екі таңбалы жылдамдықпен өседі деп болжануда.
  • IQVIA дерегң бойынша, қатерлі ісік пен арнайы санаттағы дәрілерді емдеуге кететін шығындар өсе береді.
  • Pfizer онкология және семіздік нарығынан тыс перспективалы препараттарды шығарады.
  • Pfizer бизнесті оңтайландыруға және 4 млрд доллар үнемдеуге ниетті.