Жаңа Салық кодексінде өзін өзі жұмыспен қамтығандар үшін бірыңғай және ең төменгі 4% төлеммен жаңа жеңілдікті режим енгізу ұсынылады.
Бірыңғай төлем зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар мен МӘМС жарналарын қамтитын болады.
Бірыңғай төлемді қосымша арқылы немесе салық агенті (платформа) арқылы дербес төлеуге болады. Шекті кіріс — айына 340 АЕК-тен аспайды (1,25 млн теңге).