Отбасы банкі 2022 жылға дивидендтерге 67,2 млрд теңге бөлді, бұл жылдық пайданың 70 пайызын құрайды, деп хабарлайды Қазақ қор биржасы. Қаражат несиелік мекеменің жалғыз акционері «Бәйтерек» холдингіне түседі.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша таза пайда 96 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылдың қорытындысымен салыстырғанда 46% артық.
Бұл ретте Отбасы банкі несиелеу көлемін ұлғайта алды. Жыл аяғындағы жағдай бойынша берілген тұрғын үй заемдарының жалпы сомасы 449,4 млрд теңгені (өсім 25,8%), аралық тұрғын үй қарызы – 1,6 трлн теңгені (өсім 67,8%), алдын ала – 814,7 млрд теңгені (өсім 18,4%) құрады.