«Отбасы банкі» KASE-ге 14,25%-бен 170,5 млрд теңгенің бес жылдық облигацияларын орналастырды. Бұл қаражат мамыр айында басталған «Наурыз» ипотекалық бағдарламасын қаржыландыруға бағытталады: тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал азаматтарға 7%, қалған қатысушыларға 9%-бен беріледі.
Бір облигацияның номиналды құны 1000 теңге. Бұл ретте қаражатты тарту көрсеткіші аукцион қорытындысы бойынша анықталып, 14,25 пайызды құрады. Облигациялардың өтеу мерзімі – 5 жыл. Купондық төлем жиілігі жылына 2 рет.
Жалпы Наурыз бағдарламасына қатысушылар тізімінде 12 500 қазақстандық болды. Қазір оның қатысушылары төлем қабілеттілігін тексеруден өтуде.