Freedom Life сақтандыру компаниясының сарапшылары Орталық Азия елдеріндегі сақтандыру нарығының соңғы 5 жылда қалай өзгергенін және 2028 жылға дейін қалай дамитынын зерттеді.

Ашық дереккөздерге сәйкес, соңғы 5 жылда ең жоғары сақтандыру сыйақысының өсу пайызы Тәжікстанда тіркелді – 773,84%. Ал ең төменгі көрсеткіш Қырғызстанда – бұл елде сақтандыру сыйақыларының көлемі бес жылда 80,81%-ға ғана өсті.


Зерттелген елдердің халық саны мен сақтандыру сыйлықақыларының көлемін есептеу барысында, бір адамға ең үлкен сақтандыру сыйлықақысы 131,3 АҚШ долларымен Қазақстанға тиесілі болды, ал Тәжікстанда ең төменгі сақтандыру сыйлықақысы — 3,8 АҚШ доллары.


Орталық Азия елдерінің сақтандыру нарығының даму үрдістері

Дамыған елдерде онлайн сақтандырудың дамуы 20 жылдан астам уақыт бойы жалғасуда. Алайда Орталық Азия елдерінде бұл саланың цифрландырылуы пандемия кезінде (2019–2021  жылдары) басталды.


Statista.com мәліметіне сәйкес, медициналық сақтандыру бағдарламалары Қырғызстанның сақтандыру нарығының өсуіне айтарлықтай әсер етеді. 2023 жылдың ақпан айында қабылданған жаңа медициналық сақтандыру заңы барлық адамдар үшін, соның ішінде шетелдік азаматтар мен осы елде білім алып жатқан студенттер үшін міндетті.

Өзбекстанның сақтандыру нарығына әсер ететін негізгі үрдістер медициналық және ауыл шаруашылығы сақтандыруы туралы ақпараттың артуы. Сонымен қатар, цифрландыру мен қайта сақтандырудың танымалдығы нарықтың өсуіне ықпал етеді.

Тәжікстанда денсаулық пен өмірді сақтандырудың танымалдығы артып келеді, бұл жеке әл-ауқат пен қауіпсіздікке деген қызығушылықтың артуымен байланысты. Көпшілік негізінен өлім, ауыр аурулар, мүгедектік және басқа да тәуекелдерді қамтитын кешенді сақтандыру бағдарламаларын назар аударады. Сондай-ақ, өндірістегі жазатайым оқиғалардан сақтандыруға деген қызығушылық артып келеді.

ҚР сақтандырудың басты трендтері 


Ұлттық Банктің мәліметінше, 2024 жылдың алғашқы 7 айында жалпы сақтандыру сегментінде жиналған сыйақы көлемі бойынша мүлікті сақтандыру алдыңғы қатарда – 162,2 млрд теңге, бұл ЖСК нарығындағы жалпы сыйақылар көлемінің 36,7%-ын құрайды, Көлік иелеріне арналған міндетті сақтандыру – 65,3 млрд теңге, яғни 14,8%.

2024 жылдың 7 айы ішінде өмірді сақтандыру саласында ең көп сақтандыру сыйлықақылар көлемі ерікті өмірді сақтандыру бағдарламалары (жазатайым оқиғалардан сақтандыруды қоспағанда) – 136,5 млрд теңге немесе ӨСК нарығындағы жалпы сыйлықақы көлемінің 28,3%-ын, ал зейнетақы аннуитеті – 192,5 млрд теңге немесе 39,9%-ды құрады.
 Қазақстандық сақтандыру нарығының негізгі дамушы драйвері цифрландыру болды. 2020 жылдан бастап ОГПО, КАСКО онлайн полистерін рәсімдеу және өмірді сақтандыру бағдарламалары бойынша ӨСК шарттарын жасасу бірнеше минут ішінде мүмкіндігі пайда болды. Мысалы, Freedom Life ӨСК 9 онлайн бағдарлама бар, олардың ішінде: Freedom Travel шетелге саяхаттайтын туристерді ерікті сақтандыру, Freedom First жылдық жоғары сыйақы мөлшерлемесі жылына 2,76% дейін доллармен жинақтау бағдарламасы (екі жылдан 5 жылға дейін жинақтау мүмкіндігімен), Freedom Sport спортшыларды сақтандыру және т.б.

Сонымен қатар, 2021 жылдың жаз айында Freedom Health бағдарламасы аясында ауыр ауруларға қарсы «Денсаулыққа» жазылым бірегей цифрлық сервисі іске қосылды. Бұл жүйе әдеттегі музыкалық және кино-сервистердің онлайн жазылымдары принципі бойынша жұмыс істейді. Алайда, ойын-сауық қосымшаларынан айырмашылығы, бұл жазылым сақтандыру жағдайында қатерлі ісік, инсульт, инфаркт сияқты аурулардан емделуге жылына 100 мың доллардан бастап өмір бойы 1 млн долларға дейінгі сомада әлемнің үздік клиникаларында емдеуді қамтиды.

2022 жылдың қараша айында жалпы сақтандыру саласындағы үлкен технологиялық серпіліс dtp.kz бірегей цифрлық платформасының іске қосылуы болды, оның көмегімен автокөлік иелері жол-көлік оқиғасы бойынша өтініш беруден бастап, төлем алуға дейінгі жолды онлайн түрде өтеді.


Жалпы, сақтандыру нарығы тек цифрландыруға қарай өзгеріп қана қоймайды. Сақтандырушылар үшін жаңа үрдіс ESG бағыттарын дамыту болды.

Ірі компаниялар қоғамның әл-ауқатына елеулі үлес қосуға, қоршаған ортаны қорғау және корпоративтік басқарудың жоғары стандарттарын қолдау жобаларын әзірлеуге тырысуда.