Соңғы үш жылда Қазақстанда дала өрттері 32,6% өскен. ҚР ТЖМ мәліметінше, 2020 жылы пандемияның бірінші жылында олардың саны 700 болса, өткен жылдың қорытындысы бойынша 928. Орман және дала алқабында 2022 жылы өрт орасан зор болды: 104 мың гектардан астам жер өртенді. Былтыр осындай табиғи апаттардан келген шығын 20,6 млрд теңгеден асты.
29 мамырда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министрі Марат Күлдіков мәлімдегендей, 2023 жылғы өрт маусымының басынан бері 146 орман өрті орын алған. Қазірдің өзінде 23,9 мың гектар аумақ тіркелді. «Семей орманы» қорығында болған ауқымды өртті ескере отырып, күйдірілген жер қазір жасыл желектің орнына 84 мың гектарға жуық аумақты алып жатыр. 13 маусымдағы жағдай бойынша өрт әлі сөндірілмеген, сондықтан соңғы аумақ пен шығын есептелген жоқ.
Бірақ «Семей орманы» орман шаруашылығының 14 қызметкерінің өліміне себеп болған себептер қазірдің өзінде белгілі болды. Себептердің бірі — өрттің ауқымын болжау мен бағалаудағы қателік, деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың отбасымен кездесуінде. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың немқұрайлылығы мен кәсіпқойлығының жоқтығын айтты. «Өрт болды, оны дереу сөндіруге кірісу керек болды. Техникасы, мүмкіндігі жоқ орманшыларды жұмсамау керек», — деді Мемлекет басшысы. 13 маусымда ҚР ІІМ Telegram-арнасында тағы бір қаза тапқан адам — тракторшы Сергей Архипов туралы хабарлама жарияланды, ол 10 маусымда өртті сөндіруге тракторымен кетке, содан бері онымен байланыс үзілген. Оның денесі 13 маусымда орман белдеуінен табылды; полицияның алдын ала болжамы бойынша, өрт сөндіру кезінде қайтыс болмаған.
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі (ЭТРМ) орман шаруашылығы комитетінің де, өңірлік бөлімшелерінің де жетекшілері өртті ескерту мен сөндіруге жауапты орман шаруашылығы, өрт сөндіру мекемелері мен ТЖМ басқа да бөлімшелерінің жүйелі түрде жарақтанбағанын БАҚ-та бірнеше рет айтты. ТЖМ мәліметінше, министрліктің азаматтық қорғаныс ұйымдарында 3,9 мың бірлік автокөлік бар (бұл қажеттіліктің 66,8%-ы ғана). Оның ішінде 500 машина сонау өткен ғасырдың 70-90 жылдары шығарылып, әлдеқашан қолданыстан шығарылуы тиіс болған. 2017–2022 жылдары бар болғаны 305 өрт сөндіру машинасы сатып алынды. Орман шаруашылығы техника мен құрал-жабдықтармен 66,3% ғана қамтылған. Мәселен, норма бойынша орман шаруашылығы кәсіпорындарында 262 өрт сөндіру машинасы болуы керек болса, іс жүзінде оның 166-сы ғана болса, оның үстіне 124-і (74,7%) ескірген. Сондай-ақ орман шаруашылығына тиесілі барлық патрульдік автокөліктердің 35%-ын және тракторлардың 38,4%-ын есептен шығару қажет. Дәл осы себепті – жұмыс істемейтін техника кесірінен – орман шаруашылығы қызметкерлерінің бірі 30 жастағы Алексей Губаев өз көлігімен ормандағы өртке барған. Қызметтік көлік жай ғана сынған, ал орман шаруашылығында жөндеуге қажетті қосалқы бөлшектер жоқ, деді Алексейдің жесірі Татьяна Будюк президентпен кездесуде.
Қайтыс болған осы орманшылардың мәселесі — арнайы қорғаныс құралдарының және дұрыс жұмыс істейтін рациялардың жоқтығы — белгілі болғандай, жекелеген мәселе емес. Құзырлы министрліктің мәліметінше, азаматтық қорғаныс қызметтерін жабдықтау мен қамтамасыз ету деңгейі 41,4% ғана. Роботтар, дрондар және т.б секілді сандық көмекшілерді айтпағанда рациялар мен рюкзактар шашыратқыштар жеткіліксіз.
Дегенмен, материалдық жабдықта проблемалар тек орман шаруашылығында ғана емес, табиғи өрттердің алдын алу мен сөндіруге жауапты басқа да көптеген қызметтерде бар. Мәселен, ТЖМ мен Орманды қорғау комитетінің авиациялық бөлімшелерінде тікұшақтар, ал медициналық құтқару көлігінде медициналық құрал-жабдықтар жетіспейді. Арнайы медициналық көліктің 44 бірлігінің 33-де қажетті құрылғылар жоқ. Сондықтан, жедел жәрдем дер кезінде апат орнына жеткеннің өзінде, дәрігерлердің арнайы құрал-жабдықтарсыз шұғыл көмек көрсете алуы екіталай.
Азаматтық қорғаныс жүйесіндегі тағы бір үлкен олқылық өрт сөндіруші-құтқарушылардың және орман шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысының өте төмендігі. ҚР ТЖМ мәліметінше, бірінші санаттағылардың ең төменгі деңгейі 108 мың теңгеден, екіншісінде 60 мыңнан 100 мың теңгеге дейін. Сондықтан салада кадрлар көп отырмайды. 2021 жылы 700 қызметкер, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында 770 адам жұмыстан шығарылды. Айтпақшы, Алексей Губаев орман шаруашылығындағы көптеген мәселелерге байланысты қайтыс болар алдында жұмыстан кету туралы өтініш жазған, бірақ қандай да бір себептермен менеджер қағазға қол қоймағандықтан, 30 жастағы орманшы жұмыстан кете алмай, ақыры сонда қайтыс болды.
Бұл мәселелердің барлығы бұрын да көтерілген. Оларды үкімет естіді деп айта аламыз. Биыл наурыз айында Қостанай облысында 2022 жылғы ауқымды орман өрттерінен кейін 2023-2027 жылдарға арналған Азаматтық қорғаныстың бірінші кезектегі шараларының кешенді жоспары әзірленді. Рас, азаматтық қорғау саласында көп жылдар бойы қордаланып келе жатқан мәселелерді шешу үшін қаржыландыру енді тағы төрт жылға ұзартылды. Ал, Семей орманының трагедиясы көрсеткендей, шенеуніктер бұл жоспарды кешіктіріп қойған.
Жоспарда айтылған проблемалық мәселелердің көпшілігін – арнайы көліктер мен ұшақтарды сатып алудан бастап, жалақыны 10%-70%-ға көтеруге дейін қаржыландыру қарастырылған. Төрт жылдағы жалпы сома 1,4 трлн теңге. Қаражаттың басым бөлігі (86,2%) республикалық бюджеттен бөлінуі тиіс. Биылғы жылға 204,5 млрд теңге қарастырылса, келесі жылға 414,7 млрд теңге қарастырылған.