Желілік сараптама саласындағы әлемдік көшбасшы - Ookla 2023 жылға арналған дәстүрлі Speedtest Global Index рейтингін ұсынды. Онда Қазақстан 146 елдің арасында 72-орынға ие болды. Яғни, 2022 жылғы 95-ші орыннан бірден 23 сатыға көтеріліп отыр.  Компания сарапшыларының айтуынша, республикада мобильді жүктеп алу жылдамдығы 2022 жылдың соңынан бастап 61%-ға артқан. Атап айтсақ, 2023 жылдың желтоқсанында бұл көрсеткіш 21,29 Мбит/с-тен 35,07 Мбит/с-қа дейін көтерілген. Бұл ретте,  Ookla Қазақстанның цифрлық трансформация стратегиясын қолдау үшін 5G технологиясын пайдалануға ұмтылатынын атап өтті. Сонымен қатар, ұялы байланыс операторларының, атап айтқанда «Кселл» компаниясының Қазақстанда 5G енгізу қарқынын арттырып жатқанын хабарлады.


Атап өту керек, «Қазақтелеком» компаниялар тобына кіретін «Кселл» компаниясы бүгінде республиканың 20-ға жуық қаласында 600-ден астам 5G базалық станциясын орнатты. Сондай-ақ, қазірдің өзінде миллионға жуық қазақстандық жаңа технологияны пайдалана отырып, барлық заманауи телекоммуникациялық қызметтерге қол жеткізіп отыр.

Бүгінде Қазақстанда 5G негізді құрылғылары бар тұтынушылардың базасы қалыптасқан. 2023 жылдың төртінші тоқсанында ел бойынша тестілеу жұмыстарының 53%-дан астамы 5G қосылған құрылғыларда жүргізілді. Бесінші буынды байланысты белсенді енгізу, жалпы, желілік инфрақұрылымды, соның ішінде Kcell-ді дамыту сынды  жетістіктер Ookla-ның назарынан тыс қалмады. Яғни, мобильді интернет жылдамдығын арттыру бойынша қарқынды жұмыстар әлемдік рейтингтегі орынның ілгеруіне тікелей әсер етікені хақ.


«Мобильді интернет жылдамдығы бойынша Қазақстан көршілес елдерді басып озды. Мәселен, Өзбекстан 95-орында, Қырғызстан 100-орында, Тәжікстан 141 - орында. Бұл ретте, ТМД аймағы бойынша интернетті пайдаланушылардың ең жоғары деңгейі Қазақстанда тіркелген. Жалпы халық санының 95,7 пайызы интернет желісін пайдаланады. Ал Өзбекстанда бұл көрсеткіш 80,6%, Ресейде 92,9% шамасында. Қазақстанның интернетке қол жетімділігі бойынша аймақтық көшбасшы болуына ықпал ететін негізгі факторлардың бірі – (басқа елдермен салыстырғанда) телекоммуникациялық қызметтердің төмен бағасы. Интернетке қолжетімділік индексіне сай, Қазақстан мобильді интернет тарифтері бойынша ең төмен елдердің арасында - алтыншы орында. Қазақстандағы абоненттер ұялы байланыс деректерінің 1 ГБ үшін небәрі $0,6 төлейді», - делінген Ookla есебінде.

Бұған қоса, Ookla компаниясының Consistency Score ретінде тұрақты қызмет сапасын қамтамасыз ететін желілерді анықтау көрсеткішіне сәйкес, Кселл 2023 жылдың төртінші тоқсанында бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 15,1 пайызға өсті. Яғни, Consistency Score бойынша 80,2%-дық көрсеткішке қол жеткізді. Бұл - оператордың жақсы жылдамдықпен қатар, тұрақты байланыс сапасын да қамтамасыз ететінін білдірсе керек. Өйткені, жылдамдық тұрақсыз болса, пайдаланушыларға интернетті шолу немесе онлайн ойындарды ойнау қиынға соғар еді.


Осы айдың басында жыл сайынғы Digital Almaty халықаралық форумы аясында Ookla компаниясы «Кселл» -ді 2023 жылы Қазақстандағы ең жылдам мобильді интернетке ие оператор деп танып, компанияға арнайы сыйлық табыстаған болатын. Speedtest платформасында 600 мыңға жуық өлшем нәтижелері бойынша өткен жылдың екінші және үшінші тоқсанында Kcell желісіндегі интернет жылдамдығы Қазақстан бойынша ең жоғары нәтиже көрсетті: 67,35 Мбит/с.

«Ookla сияқты желілік аналитика саласындағы әлемдік көшбасшы инфрақұрылым дамытудағы күш-жігерімізді атап өткені қуантады. Сондай-ақ, Speedtest жаһандық рейтингінде Қазақстанның позициясын жақсартуға елеулі үлес қосқанымыз да біз үшін үлкен мақтаныш. Расымен де, Кселл ірі ұялы байланыс операторы ретінде өз желісін дамыту мен кеңейту, оның тұрақты және сапалы жұмыс істеуі бойынша жұмысын ешқашан тоқтатпайды. Тек 2020-2023 жылдар аралығында біз осы мақсаттарға 184,4 миллиард теңге инвестиция құйып, 2028 жылға дейін оның көлемін арттыруды жоспарлап отырмыз. Айта кету керек, біз 5G базалық станцияларын бүкіл республика бойынша жылдам орнатуды қаласақ та, қолданыстағы 4G желілерін еш ұмытпаймыз. Яғни, 5G-ге қарағанда LTE технологиясымен әлдеқайда көп базалық станция салып жатырмыз. Географиясы мен тұрғылықты жеріне қарамастан, мүмкіндігінше қазақстандықтарды барлық заманауи телекоммуникациялық қызметтермен қамтамасыз етуге тырысамыз», - деді Ookla тұжырымдарына түсініктеме берген «Кселл» АҚ басқарма төрағасы Асхат Өзбеков.


Айтпақшы, «Кселл» AҚ бас директорының сөзін Ookla да растап, Қазақстанның екі ірі қаласында көршілес елдердің астаналарымен салыстырғанда 4G арқылы жүктеп алудың ең жоғары медианалық жылдамдығы тіркелгенін атап өтті. Осылайша, компания сарапшыларының бағалауы бойынша, Алматыда 2023 жылдың төртінші тоқсанында 4G жүктеп алудың медианалық жылдамдығы 32,32 Мбит/с болды және бұл шаһар 30 Мбит/с-тан асатын жалғыз қала болды. Астанада жүктеп алудың орташа жылдамдығы 27,24 Мбит/с, Бішкекте (26,59 Мбит/с), Ташкентте (23,91 Мбит/с) және Душанбеде (11,54 Мбит/с). Ookla мәліметтері бойынша, Қазақстанның үшінші мегаполисі - Шымкентте 4G жүктеп алудың медианалық жылдамдығы 22,47 Мбит/с деңгейінде болды. 

«Қазақстандағы ұялы байланыс операторлары сенімді. Олар жоғары жылдамдықты ұялы байланыс қызметтеріне сұранысты қанағаттандыру үшін өздерінің инфрақұрылымына қомақты қаражат салуда. Соңғы жылдары смартфондар адам өміріне дендеп еніп жатыр. Осыған орай, мобильді желіні қамтуды кеңейту қажеттіліктері бар. Бұл дегеніміз интернетті пайдаланушылар санының артуына әкелді. GSMA Intelligence мәліметтері бойынша, соңғы бірнеше жылда Қазақстанда смартфондардың таралуы артқан. 2023 жылы барлық смартфон абоненттерінің үлесі 83%-ға жетті. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 10 пайызға көп», - деп Ookla сарапшылары өз баяндамасын қорытындылады.

Сондай-ақ, компанияның есебінде ұялы байланыс операторлары цифрлық теңсіздікті жоюда және 4G және 5G тұтынушыларға қолжетімді етуде маңызды рөл атқаратынын атап өткен. Операторлар 5G желілерін кеңейтуді жалғастыра отырып, жаңа қызметтер де ұсынады. Осындай қызметтердің бірі - Ookla есебіне сәйкес, 5G бекітілген сымсыз қолжетімділік (FWA), ол қашықтағы немесе талшықты-оптикалық желілерді салу үшін экономикалық тұрғыдан мүмкін емес аймақтарға жету мүмкіндігін береді. Мысалы, Kcell жарты жылдан астам уақыттан бері Kcell Auleti – 5G жобасын жүзеге асыруда. Яғни, ол арқылы үйден шықпай-ақ, Kcell Auleti қосылымына тапсырыс беруге болады. Қызметті орнатуға көп уақыт кетпейді, сымдарды тартып, қабырғаларды бұрғылаудың қажеттілігі жоқ.