Соңғы кезде нарықтың дамуына, халықтың цифрлық сауаттылығының артуына байланысты интернет-сауда айтарлықтай өсуін көрсетті. Сонымен қатар, соңғы кезде, карантиннің талаптары ескеріле отырып, онлайн режимдегі кез келген операция, оның ішінде тауарлар сатып алу анағұрлым талап етіліп отыр, деп хабарлайды Fingramota.kz.
Осыған байланысты ТЖ және карантин кезеңінде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы азаматтардың онлайн-режимде қаржылық көрсетілетін қызметтерге және өнімдерге қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыс жүргізуде. Екінші деңгейдегі банктермен бірлесіп банктердің бөлімшелеріне келу қажеттілігінсіз қашықтан банктік шоттар ашудың және төлем карталарын алудың қадамдық алгоритмі әзірленді. Нәтижесінде ағымдағы жылғы бірінші жартыжылдықта біздің азаматтарымыз қашықтан 1,9 млн астам ағымдағы шоттарын ашты. Сонымен қатар, Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығымен және Микроқаржы ұйымдарының қауымдастығымен, сондай-ақ банктермен, МҚҰ-мен, сақтандыру ұйымдарымен, Қазпоштамен халық үшін қолайлы және қауіпсіз қаржылық көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін кеңейту жөніндегі бірлескен іс-шаралары белсенді іске асырылуда.
Біздің азаматтарымыз Желідегі сатып алудың қолайлылық, уақытты үнемдеу, ауқымды таңдау, бағаларды мониторингтеу мен салыстыру мүмкіндігі сияқты көптеген артықшылықтардың бар екеніне біртіндеп сенуде.
Интернет-сауданың кеңінен таралуының өсу үрдісі көптеген бизнес құрылымдардың қашықтан жұмыс істеу форматына көшуіне, интернет-трейдингтің қосымша арналарын ашуға негізделген. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ақпараты бойынша 2020 жылғы бірінші жартыжылдықта интернет-дүкендердегі сатып алу саны 19,5 млн тауарға жетті. Қазақстандық интернет-дүкендердегі сатып алудың саны екі есе – 7 млн - 14 млн дейін өсті.
Бұл көбінесе дәстүрлі дүкендерге қарағанда, интернеттен сатып алудың тиімділігімен негізделген, себебі онлайн-дүкендердің үстеме шығыстары төмен, тиісінше өнімнің өзіндік құны да төмен.
Онлайн-мәмілелерді жасасудың жүз пайыздық өсуі көп нәрсені білдіреді. Алайда, көбінесе киберқауіпсіздікке және желідегі алаяқтыққа қатысты кемшіліктер де бар. Сондықтан желіде кез келген қаржы операцияларын жүргізу кезінде екі есе қырағы болу керек.
Дүкенді дұрыс таңдау
Сатып алушы сақтай отырып интернетте мәмілелер жасау кезінде алданып қалу тәуекелін айтарлықтай төмендете алатын бірнеше қарапайым қағидалар бар.
1) Белгілі әрі ірі дүкенді таңдаңыз. Осылай істегенде ғана сіз интернет-алаяқтыққа ұшырамайсыз, алайда белгілі сайттардың клондары (көшірмелері) туралы әрқашан есте сақтау керек, сол себепті оған көз жеткізген жөн. URL-адресті мұқият тексеріңіз, әрқашан сертификатпен расталған қауіпсіз қосылуды (HTTPS) қолдайтын сайттарды ғана пайдаланыңыз. Браузердің адрестік жолында URL алдында иконка құлыпшасы болуға тиіс. Ол сайттың әдеттегі http орнына https қорғалатын қосылуды пайдалатындығын білдіреді. Мынадай цифрларды қамтитын URL бар дүкенге сенуге болмайды, мысалы: https://66.102.7.104@65465.51456jD% - бұл алаяқтар болуы мүмкін.
2) Пікірлерді оқыңыз. Сатып алушылардан келген кері байланысқа талдау жасаңыз. Егер тауардың сапасына, жеткізу мерзіміне, осы дүкен қызметкерлерінің әрекетіне немесе әрекетсіздігіне риза болмаған және ашулы адамдар саны көп болса, осы онлайн-магазиннен сауда жасаудың мақсатқа сай екендігі туралы ойланыңыз. Көп пікірдің жалған болуын, тапсырыспен жасалатындығын естен шығаруға болмайды.
3) Төлем әдістерін таңдау. Онлайн-дүкен неғұрлым көп төлем әдістерін ұсынса, соғұрлым жақсы. Егер ақшаны жеткізу кезінде немесе аудару арқылы төлеуге болса, тіптен жақсы. Алайда, барлық сақтық шаралары сақтай отырып, Сіз сатушының адалдығына, URL-нің дұрыстығына көз жеткізіп, сатып алушылардан дүкен туралы пікірлерді оқып шықсаңыз, картамен де төлей аласыз.
4) Дүкеннің қанша уақыттан бері жұмыс істейтінін тексеріңіз. Бір күндік сайттар бар. Көбінесе олар сатып алушыларды аста-төк акциялармен қызықтырады, тауарларды нарыққа қарағанда екі есе арзан ұсынады. Бұл сайттың күмәнді екендігінің айқын белгісі.
Онлайн «құжатсыз» деген сөз емес
Қолма-қол ақшамен төлей отырып, сатып алушылар фискальдық чекті, төлем құжатын, шот-фактураны және т.б. талап етуге құқылы. Сатып алушылар интернет-сатушылардан төлем шотын, шот-фактураны талап етуге құқылы.
Сатып алуды жүзеге асырғаннан кейін сізге электрондық поштаңызға тапсырыстың растамасы және шот келуге тиіс. егер осы деректерді сіз алмасаңыз, онда тауарды/қызметті ұсынатын, компаниямен міндетті түрде хабарласуыңыз керек – мүмкін, техникалық іркіліс болған шығар, сондай-ақ сіздің алаяқтардың интернет-бетінде мәміле жасағаныңызға күдіктену үшін негіз болуы мүмкін.
Сатушының адал емес екенін растайын тағы да бір белгі – бұл ақы төлеу үшін Сізге картаның деректері арнайы төлем шлюзіне өтпей тікелей сайтқа енгізу ұсынылады немесе бір ғана нұсқа: картаның деректерін енгізу ұсынылады. Бұл жерде, кейбір сауда алаңдарының картаның көмегімен ғана, мысалы, дүниежүзілік Қытай алпауыты Alibaba Group сауда интернетінің Alipay төлем жүйесі арқылы төлеуді ұсынатынын нақтылау керек. Егер осындай жалпыға белгілі халықаралық сауда алаңдарын ескермесек, онда, егер Сіздің таңдауыңызға төлеудің әртүрлі тәсілдері ұсынылғаны дұрыс болады.
Электрондық пошта бойынша өтетін барлық чектер мен ақы төлеу растамаларын қағазға басып шығарып, сақтаңыз.
Меншікті құрылғыларды пайдаланыңыз
Қоғамдық компьютерлер, интернет-кафелер және құрылғыларды сізден басқалар пайдаланатын басқа орындар арқылы Интернет-шопингтен бас тартқан дұрыс. Wi-Fi-ға қол жеткізудің қоғамдық нүктелері ерекше қауіп төндіреді. Көп жағдайда сол қоғамдық желілерде қаскүнемдер бөтен деректерді іздеп-бағып отырады.
Сонымен қатар, қоғамдық компьютерлерде бағдарламалық немесе аппараттық пернетақтаның «тыңшылары» орнатылуы мүмкін, олар сіз пернетақтадан енгізгеннің бәрін жазып отырады. Егер сіз балаңызға гаджетті пайдалануға рұқсат етсеңіз, баланың кездейсоқ онлайн -сатып алуы немесе ақылы ойындарды жүктей алмауы үшін төлем картаңыз байланған барлық шоттардан шыққаныңызға (яғни, логаут жасағаныңызға) көз жеткізіңіз. Өкінішке орай, дәл осындай сатып алулар үшін ақшаны қайтару мүмкін емес немесе өте қиынға соғуы мүмкін, өйткені алаяқтық фактісі болған жоқ. Өз компьютеріңіздің және (немесе) мобильді құрылғыларыңыздың қауіпсіздік функцияларын пайдаланыңыз (вирусқа қарсы қорғаныс құралдарын орнату және уақтылы жаңарту, оларды мезгіл-мезгіл ауыстыратын күрделі парольдерді пайдалану, компьютерде немесе мобильді құрылғыда сезімтал деректерді ашық түрде сақтамаңыз);
Онлайн-іс-әрекеттер үшін жеке карта
Интернетте сатып алуүшін жеке банктік карта ашыңыз, оны тек осындай сатып алулар үшін ғана пайдаланатын боласыз және ол жалақы немесе жинақ шотына тіркелмеген болады. Виртуалдық картаға ақшаны тек сатып алардың алдында ғана аударыңыз, ал қосымша қауіпсіздік үшін картаға күндізгі лимит белгілей аласыз.
Интернет желісінде (форумдар, әлеуметтік желілер және т.б.) жеке және банктік деректерді жарияламаңыз, өздеректеріңізді тексерілмеген компанияларға немесе адамдарға телефонмен немесе электрондық поштамен хабарламаңыз.
Тексерілмеген немесе күдікті адрестерден келіп түскен электрондық хаттарды ашпаңыз және сізге электрондық поштамен, әлеуметтік желілерде немесеSMS-пенсенімді емес көзден жіберілген сілтемелерге өтпеңіз.