2024 жылдың он айында қазақстандық банктердің таза пайдасы 2,1 трлн теңгені құрады, деп хабарлайды Ұлттық банк статистикасы. Қазан айында олар 246,5 млрд теңге (+13,2%) табыс тапты.
Он айдың қорытындысы бойынша ең табысты банктердің бестігіне мыналар кірді:
- Halyk Bank – 689,2 млрд теңге (қазанда +89,3 млрд теңге);
- Kaspi Bank – 431,7 млрд теңге (+52,9 млрд теңге);
- ЦентрКредит банкі – 156,4 млрд теңге (+17,3 млрд теңге);
- Jusan Bank – 132,4 млрд теңге (+12 млрд теңге);
- ForteBank – 124,7 млрд теңге (+11,4 млрд теңге).
Одан кейін он айда 102,5 млрд теңге табыспен Отбасы банкі (қазанда +7,5 млрд теңге), Ситибанк Қазақстан 88,2 млрд теңге (+9,7 млрд теңге), Еуразиялық банк 76,2 млрд теңге (+12,8 млрд теңге).