Биылғы қаңтар-тамыз айларында өнер, ойын-сауық және демалыс саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 93,9 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ақшалай түрде 3,9% аз (ФКИ – 91%). Салыстыру үшін: жалпы ҚР экономикасына салынған инвестиция көлемі бір жылда 11,6% өсті (ФКИ – 105,7%), деп хабарлайды finprom.kz

Салаға салынған инвестицияның жартысынан астамы ҚР 20 өңірінің тек 3-еуіне тиесілі. Атап айтқанда, Астана қаласы (27,2 млрд теңге), Түркістан облысы (18,5 млрд теңге) және Шымкент қаласына (6,8 млрд теңге) тиесілі.

Меншікті қаражаты және банк несиесі есебінен өнер, ойын-сауық және демалыс саласына салынған инвестиция бір жыл бұрынғы 63,7 млрд теңгемен салыстырғанда 43,8 млрд теңгені құрады. Осы екі санат бойынша жеке-жеке мәліметті ҚР СЖРА ҰСБ ұсынбайды.

Республикалық және жергілікті бюджет қаржысы тиісінше 22,1 млрд теңге және 27,2 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда құндық мәнде 81,9% және 28,8% артық. Банктік емес қарыздар 821,4 млн теңгені құрап, 10,6% өсті.

Өнер, ойын-сауық және демалыс саласындағы бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 2022 жылдың қаңтар-маусым айларында 174,9 мың теңгені құрады, бұл республикалық орташа деңгейден 41,4% аз. Бұл ҚР-дағы ең төменгі көрсеткіштердің бірі. Бұдан аз АӨК саласы ғана (163,2 мың теңге).

Саладағы жалақының сатып алу қабілеті бір жылда 4,6% өсті, ал жалпы ҚР бойынша өсім 10,9%-ды құрады.