Корпоративтік облигациялар нарығы 2023 жылғы шілдеде 0,6% немесе 72,5 млрд теңгеге 13,0 трлн теңгеге дейін төмендеді (2023 жылдың басынан бастап – 9,7% құлдырады).

Биыл шілде айында корпоративтік облигациялардың бастапқы нарығының көлемі 37,8 млрд теңгені құрады, бұл 2023 жылдың алдыңғы айымен салыстырғанда 73,5% немесе 105,1 млрд теңгеге аз.

2023 жылғы шілдеде KASE-де корпоративтік облигациялармен сауда-саттық көлемі 51,7% немесе 98,1 млрд теңгеге 91,8 млрд теңгеге дейін  төмендеді.

KASE-де саудаланатын мемлекеттік борыш 2023 жылғы шілдеде 2,1% немесе 529,8 млрд теңгеге 25,4  трлн теңгеге дейін өсті.

2023 жылғы шілденің қорытындысы бойынша KASE-де мемлекеттік бағалы қағаздармен сауда-саттықтың жиынтық көлемі бір айда 39,4% немесе 639,7 млрд теңгеге азайып, 985,2 млрд теңгені құрады. Мемлекеттік бағалы қағаздардың бастапқы нарығындағы сауда-саттық көлемі 49,2% немесе 620,9 млрд теңгеге 641,6 млрд теңгеге дейін азайды.

2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша қор нарығын капиталдандыру 2023 жылғы шілде айында 1,0 трлн теңгеге немесе 2,8% ұлғайып, 37,0 трлн теңгені құрады (2023 жылдың басынан бастап – 3,8% өсім).

Биыл шілдеде инвесторлар санының өсуі жалғасты. Депоненттер клиенттерінің қосалқы шоттарының саны 686 812 қосалқы шотқа дейін 1 318-ге немесе 0,2% өсті (2023 жылдың басынан бері 24,8% немесе 137 мың қосалқы шотқа көбейді).