KASE-де саудаланатын корпоративтік борыш көлемі 2024 жылғы ақпанда 13,5 трлн теңгеге дейін 0,9% немесе 120,4 млрд теңгеге ұлғайды (2024 жылдың басынан бастап 0,3% төмендеді).
2024 жылғы ақпанда KASE-де корпоративтік облигациялармен сауда-саттық көлемі өткен аймен салыстырғанда 87,3 млрд теңгеге дейін 83,0% немесе 424,6 млрд теңгеге төмендеді. 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша KASE сауда-саттық тізімдерінде 111 эмитенттің корпоративтік облигацияларының 418 шығарылымы болды.
2024 жылғы ақпанда корпоративтік облигациялардың бастапқы нарығының көлемі 59,6 млрд теңгені құрады, бұл 2024 жылғы қаңтардағы көрсеткіштен 86,8% немесе 392,4 млрд теңгеге төмен.
KASE-де саудаланатын мемлекеттік борыш 2024 жылғы ақпанда 1,0%, 24,3 трлн теңгеге дейін өсті (2024 жылдың басынан бастап 1,9% өсті).
KASE-де мемлекеттік бағалы қағаздармен сауда-саттықтың жиынтық көлемі 2024 жылғы ақпан айының қорытындысы бойынша 583,2 млрд теңгені құрап, бір айда 52,6% немесе 646,5 млрд теңгеге азайды.
МБҚ бастапқы нарығындағы сауда-саттық көлемі 56,9% немесе 570,0 млрд теңгеге 431,8 млрд теңгеге дейін азайды. Бұл ретте, орналастырудың барлық көлемі жылдық 11,5 - 12,15% орташа алынған кірістілікпен Қаржы министрлігіне тиесілі.