Чип өндіруші Nvidia компаниясының капиталищациясы Microsoft корпорациясының нарықтық құнынан асып түсті. Нәтижесінде Nvidia әлемдегі ең құнды жария компаниялардың тізімінде бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды TradingView.
18 маусымда Астана уақытымен 22:15-те компанияның нарықтық құны 3,326 трлн долларға жетті.
2024 жылдың ақпанында Nvidia Google-дың бас компаниясы Alphabet-ті басып озып, Құрама Штаттардағы ең құнды 3 компанияның бірі болды. 5 маусымдағы аукционда NVIDIA-ның нарықтық құны тарихта алғаш рет 3 трлн доллардан асты. Дәл осы күні чип жасаушы бұл көрсеткіш бойынша Apple-ді басып озып, әлемдегі ең құнды компаниялар арасында екінші орынға ие болды.
Wedbush Securities сарапшысы Дэниел Айвс «Біз NVIDIA, Apple және Microsoft келесі жылы 4 трлн долларға жететін технология бойынша жарыста бірінші орынға шығады деп сенеміз», — деді.
Barron's қазіргі трендтерге сүйене отырып, Nvidia да 4 трлн долларлық межеден бірінші болып өтеді деп болжайды, өйткені ол ең жылдам дамып келе жатқан компания және жасанды интеллект дамуының негізгі бенефициары.
Navellier & Associaties инвестициялық компаниясы Nvidia-ның капиталдандыруы биылғы жылы 4 трлн долларға жетеді деп күтеді, ал үлкен технологиялар келесі жылы 5 трлн доллардан асады.
Nvidia-ға капиталдандыруды 2 трлн доллардан 3 трлн долларға дейін арттыру үшін үш ай қажет болды. Салыстыру үшін, Apple 719 сауда күнін, ал Microsoft 650 күнді алды.