Нұрлан Смағұлов «Астана Моторс» акцияларының үлесін компанияның топ-менеджерлеріне береді.
Компанияның акционерлері арасында «Астана Моторс» бас директоры Бекнұр Несіпбаев, «Астана Моторс» компаниясының қаржы директоры Руслан Омаров және GR Astana Motors басқарушы директоры Анар Мақашева бар.
«30 жыл ішінде «Астана Моторс» ұзақ тарихы бар, Қазақстандағы және шетелдегі мыңдаған адал клиенттері мен серіктестері бар күшті брендке айналды. Мен жаңа акционерлердің бизнесімізді ілгерілетуге қосқан үлесін жоғары бағалаймын және олардың команданы нығайтуға қызмет ететініне сенімдімін. Astana Motors кәсіпқойлардың, сарапшылардың, болашағы зор топ-менеджерлердің ұрпағын өсірді, олармен қоғам, бизнес және ел үшін маңызды көптеген жобаларды жүзеге асыруымыз керек», - деді Astana Group басшысы Нұрлан Смағұлов.