Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банк несиенің  ең жоғары жылдық тиімді пайыздық мөлшерлемені төмендетуге ниетті. Тиісті бірлескен қаулы жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланды және 1 тамызға дейін талқыланады. Жоба қабылданса, 2024 жылдың 20 тамызынан бастап күшіне енеді.

Несиенің жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі қазір мынадай:

  • кепілсіз банк несиесі – 56%-дан 46%-ға дейін;
  • кепілмен банктік несиесі – 40%-дан 35%-ға дейін;
  • микронесие – 56%-дан 46%-ға дейін.

Ипотекалық несиелер бойынша ЖТСМ 25% деңгейінде сақталды, ал 45 күнтізбелік күнге дейінгі мерзімге және 45 АЕК-тен аспайтын сомада берілген шағын несиелер үшін ол тәулігіне 0,3%, бірақ 179%-дан аспайтын мөлшерде белгіленді. 

«Банктік қарыз шартын, микрокредит беру туралы шартты, банктік қарыз, микрокредит бойынша сыйақы мөлшерлемесін өзгерту және (немесе) беруге байланысты комиссиялар мен басқа да төлемдерді өзгерту немесе енгізу күні банктік қарызға қызмет көрсету кезінде жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі осы тармақта белгіленген шекті мөлшерден аспауы керек», — делінген құжат жобасында.

Банктік тұтынушылық несиелер бойынша ағымдағы ЖТСМ лимиті 56% 2012 жылы белгіленді және содан бері өзгерген жоқ.