ҚазМұнайГаз компаниясы тәуелсіз аудитордың аралық қаржылық ақпаратын шолып тексерудің нәтижелері негізінде жасалған есебімен қоса, 2023 жылғы 30 маусымда аяқталған үш және алты айдың 34 «Аралық қаржы есептілігі» қаржы есептілігінің халықаралық стандарттарына (ҚЕХС) сәйкес дайындалған қысқартылған аралық шоғырландырылған қаржы есебін жариялайды.
2022 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы басты қаржы көрсеткіштері:
- Табыс 4 642 млрд теңгеден (10 315 млн АҚШ доллары) 3 943 млрд теңгеге (8 726 млн АҚШ долларын) азайды;
- EBITDA көрсеткіші 1 393 млрд теңгеден (3 095 млн АҚШ доллары) 1 116 млрд теңгеге (2 470 млн АҚШ долларын) азайды;
- Бірлесіп бақылауға алынатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялар кірісіндегі үлесті ескергенде, Компанияның таза пайдасы 492 млрд теңгені (1 088 млн АҚШ долларын) құрады. Былтыр бұл көрсеткіш 775 млрд теңге (1 722 млн АҚШ доллары) болған.
- Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялар кірісінің үлесіне шаққандағы таза пайда 266 млрд теңге (589 млн АҚШ доллары) болды. 2022 жылы таза пайда көлемі 352 млрд теңгені (782 млн АҚШ долларын) құраған.
- Бос ақша ағымы былтырғы 571 млрд теңгемен (1 268 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 217 млрд теңгені (481 млн АҚШ долларын) құрады;
- 2023 жылдың 30 маусымындағы жалпы қарыз көлемі - 3 977 млрд теңге (8 788 млн АҚШ доллары). 2022 жылы 31 желтоқсанда бұл көрсеткіш 4 143 млрд теңгені (8 956 млн АҚШ долларын) құраған;
- 2023 жылғы 30 маусымдағы Компанияның таза қарызы 2022 жылғы 31 желтоқсандағы 2 143 млрд теңге (4 632 млн АҚШ доллары) деңгейіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 2 255 млрд теңгені (4 983 млн АҚШ доллары) құрады.
2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өндірістік нәтижелер 2022 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда:
- Мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 10,1% өсті және 11 860 мың тоннаны құрады;
- Мұнай тасымалдау көлемі 5,8% ұлғайып, 39 309 мың тоннаға жетті;
- Қазақстандық және Румыниядағы мұнай өңдеу зауыттарында көмірсутек шикізатын өңдеу көлемі 4,0% артып, 10 109 мың тоннаға жетті.