Инфляция 2026 жылғы қыркүйек айында 9,3% (2026 жылғы тамызда – 9,8%), бір айда – 0,6% құрады (өткен айда – 0,6%).
Баға азық-түлік тауарларға бір жылда – 8,5% (2026 жылғы тамызда – 9,5%), азық-түлік емес тауарларға 11% (2026 жылғы тамызда – 11,4%), ақылы қызметтерге – 8,9% (2026 жылғы тамызда – 8,9%) өсті.
Инфляцияның жылдық деңгейіне ең үлкен үлесті азық-түлік және алкогольсіз сусындар (3,2 пайыздық тармақ), жеке күтім, әлеуметтік қорғау және басқа да тауарлар мен қызметтер, киім және аяқ киім (1 пайыздық тармақ) қосты.