Сенатта өткен үкімет сағатында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров жаңа Салық кодексінің жобасы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды.
«Біз салтанатқа қосымша акциз салу мәселесімен жұмыс істеп жатырмыз». Қымбат алкоголь мен темекі өнімдеріне акцизді құнның 10% мөлшерінде енгізу ұсынылып отыр. Мүлікке салық салудың мына тәсілдері ұсынылады. Біріншіден, яхталар мен жеке ұшақтарға салық мөлшерлемелерін арттыру. Екіншіден, жеке тұлғалардың барлық нысандарының жалпы құны 130 мың АЕК-тен асқан жағдайда жоғары салық мөлшерлемесін белгілеу. Сонымен қатар, қымбат жылжымайтын мүлікке «люкс коэффициентін» белгілеу бойынша жергілікті атқарушы органдардың құзыретін анықтау ұсынылады», - деді министр.
Әлібек Қуантыров жаңа Салық кодексінің жобасын әзірлеуге мемлекеттік органдардың, бизнес-қауымдастықтардың, «Атамекен» ҰКП-ның, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдері белсенді түрде қатысып жатқанын айтты. 1000-ға жуық ұсыныс түсті.
«Барлық мәселелер апталық кестеге сәйкес тұрақты жұмыс тобының қарауына беріледі. Жыл басынан бері 230-дан астам жұмыс кездесуі өткізілді. Оған 140-тан астам бизнес өкілдері, салық сарапшылары, экономистер, мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысты», - деді министр.