2024 жылдың бірінші жартыжылдығында білім беру мен медицина саладағы орташа айлық жалақы тиісінше 315 және 310 мың теңгені құрады және 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жоғары болды.
Бірақ жалақының өсімімен бірге инфляцияның да бар екенін ескерсек, нақты жалақы өсімі теріс мәнде екенін байқаймыз.
Білім беру саласында жылдық деңгейде құлдырау 0,7%-ды құрады, әсіресе бастауыш білім беру сегментінде нақты құлдырау 2,7%, орта білім сегментінде – 3,5%, ал мектепке дейінгі білім беруде, керісінше, нақты өсім байқалады, +15%.
Денсаулық сақтау саласында жылдық құлдырау 2,3%-ды құрады, барлық сегментте нақты жалақы азайған.
Жалпы, соңғы екі жылда, өкінішке қарай, білім беруде де, медицинада да жалақының нақты төмендеуі сирек емес.