Аталған заңды тұлға Қытай Халық Республикасының бейтарап аумағынан Қазақстан Республикасына жүк тасымалдаушы жалғыз оператор бола тұра, аталған қызметке бағаны заңсыз өсірген.
Атап айтқанда, компанияға тиесілі бос жүк машиналары ҚХР-ның бейтарап жағынан тауар тиеп, ЖШС қоймасына қайта оралып отырған. Бұл қызметі үшін бағаны, яғни бір рейске (ұзындығы 3 км) заңсыз жолмен қымбаттатқан.
Монополистік қызметтен түскен табыс 4,2 млрд. теңгені құрады.
Тергеп-тексеру барысында өз кінәсін мойындаған ЖШС басшылығынан мемлекет кірісіне құны 5,3 млрд. теңгеден аса ЖШС активтерін (аумағында көлік-логистикалық ұйым орналасқан 3,6 га жер телімі) аудару туралы өтінішхат түсті.