Бағаны шектеу жақсы идея болып көрінеді және қысқа мерзімді халықтың ақшасын үнемдейді. Алайда тәуекелдерді ескермей және салдарын есептемей, осы популистік шарамен шектелетін болсақ, ақыр соңында бәрібір қымбаттап, жағдай тіпті қауіпті болуы мүмкін.
Коммуналдық желілердегі проблемалар аралас саладағы басқа проблемаларға алғышарт болады. Мәселен, Beeline Қазақстан статистикасы бойынша, ұялы байланыс саласыдағы жаппай кінараттардың 70%-ы дәл осындай апаттық электр қуатының үзілуімен байланысты. Көбіне инфрақұрылымның аянышты жағдайы базалық станцияны уақытында іске қосуға мүмкіндік бермейді.
Сонымен қатар, телекоммуникация секторы коммуналдық қызметтерге қарағанда инвестициялық портфелін үнемі ұлғайтып отырады. Биыл қаңтар-наурызында ақпарат және байланысқа салынған күрделі инвестиция 24,3 млрд теңгеге жетті, бұл 2022 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда бірден 59,8% артық. Жалпы, 2022 жылы секторға құйылған инвестиция көлемі 2021 жылмен салыстырғанда 39,1% өсіп, 178,9 млрд теңге болды. Сонымен қатар, 2020 жылмен салыстырғанда, телекоммуникацияның рөлі және оған түсетін жүктеме локдаун мен пандемияға байланысты жаһандық ауқымда кеңейіп, операторлар жедел түрде инфрақұрылымға инвестициялауға мәжбүр болған кезде, 27% өсім байқалды. Ауқымды инвестиция тұрақты және жоғары жылдамдықты мобильді интернетті дамытуға бағытталған, инвестициялар негізінен 3G-ден 4G интернет желілеріне көшуге және жаңа 5G желісін салуға бағытталған. Бұл ретте операторлар секторға өз қаражатынан инвестиция салады.
Ескерту: егер коммуналдық желілер үшін (жылу, электр, сумен жабдықтау және т.б.) негізгі мәселе жүктемелердің артуы емес, олардың тозуы болса, онда ақпарат және байланыс саласында, ең алдымен, желідегі жүктеменің айтарлықтай өсу байқалады. Мәліметтер екі байланыс операторы – Beeline Қазақстан және Kcell/Activ ұсынған есептерде келтірілген. 2022 жылдың төртінші тоқсанында Beeline мобильді интернет деректер трафигінің бір пайдаланушыға шаққандағы орташа көлемі 16,8 ГБ құрады, бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда бірден 19,2% көп. Kcell/Activ 2022 жылдың үшінші тоқсанында бір пайдаланушыға шаққандағы орташа трафик 13,4 ГБ құрады, былтырғыдан 9% жоғары. Сонымен қатар, Қазақстанда бір пайдаланушыға шаққандағы трафикті тұтыну дүние жүзіндегі орташа тұтынудан айтарлықтай жоғары: GSMA Intelligence (әлем бойынша 95 байланыс операторы) деректері бойынша, 2022 жылдың төртінші тоқсанында бір пайдаланушыға шаққандағы трафиктің орташа көлемі 12,1 ГБ құрады. 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,8% артық.
Телекоммуникация саласына инвестицияның ұлғаюымен саланың негізгі көрсеткіштері айтарлықтай өсті. Елдегі мобильді интернеттің медиандық жылдамдығы Speedtest дерегінше, 2023 жылдың наурызында 24,9 Мбит/с құрады – 2022 жылдың наурызымен салыстырғанда бірден 32,9% жоғары.
Мобильді интернет жылдамдығының өсуі аясында байланыс операторлары 4G және 5G желілерімен көбірек аумақтарды қамту жұмыстарын жалғастыруда. Айта кетерлігі, ұялы байланыс мұнараларын жаңғыртуға арналған құрал-жабдықтар шетелден сатып алынады, тиісінше, доллар бағамының өсуі саладағы күрделі шығындарға айтарлықтай әсер етіп отыр.
Осы факторлардың барлығы – оператордың жоғары инвестициясы, желінің көлемі, ең төменгі бағадағы тұтынудың өсуі және байланыс шығындарын арттыратын жалпы инфляция – барлығы телекоммуникация секторындағы тарифтердің қажетті және сөзсіз өсетінін көрсетеді. Әйтпесе, ұялы желілердің үзіліссіз жұмыс істеуін, жылдамдық пен интернеттің тарауын күтудің қажеті жоқ, оның орнына коммуналдық желілердегі жағдайға ұқсас тағы бір проблемамен кездесеміз.
Ескерту: наурыз айының соңында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі байланыс қызметтерін көрсету ережелерін өзгертті. Енді, 61-тармаққа сәйкес, байланыс операторы тарифтік жоспарға енгізілген қызметтердің көлеміне, сондай-ақ тарифтік жоспардың басқа шарттарына өзгерістер енгізе алмайды.
Іс жүзінде пайдаланушы үшін бұл мынаны білдіреді. Байланыс қызметтерінің қымбаттауы сөзсіз болады. Бірақ бұрын операторлар тариф құнын қымбаттатқан кезде есесіне қосымша гигабайт трафик немесе тегін минуттар қосатын. Тұтыну көлемінің өскенін ескерсек, бұл шын мәнінде орынды қадам болған.
Қарапайым сөзбен айтқанда, пайдаланушы жақсартылған өнімді жаңа бағамен алар еді. Енді бұдан былай операторлар жаңа бағамен ескі қызметті ұсына бермек. Егер ережені қабылдаудағы мақсат пайдаланушылардың құқықтарын қорғау болса, бұл шара жұмсақ айтқанда, өте күмәнді болып шықты.