Энергетика министрі Болат Ақшолақов мұнай экспортының негізгі екі бағытын атады.
«2024 жылдың ортасына қарай мұнай өндіру 100 миллион тоннаға дейін өседі деп күтілуде. Сондықтан біз көліктік мүмкіндіктерімізді арттыру мәселелерін шешуге міндетті боламыз. Қазір бізде екі негізгі бағыт бар: шығысқа (Қытай) және Каспий арқылы, егер серіктестеріміз мұнай көлемін сатып алуға келіссе. Иранға теңіз арқылы жеткізу мүмкіндігі де бар, бірақ бұл Қазақстанда тарихи түрде болған шағын операциялар», - деді Болат Ақшолақов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Қазақстанда көмірсутектерді өндіретін шетелдік компаниялармен мұнай жеткізу бағыттарын әртараптандыру бойынша келіссөздер белсенді жүргізілуде.
«Барлық әріптестер, компаниялар, серіктестер - біз бәріміз жиі жиналып, нақты техникалық деңгейде талқылаймыз, егжей-тегжейлі келіссөздер жүргіземіз», - деп түсіндірді ол.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет басшылығымен, мүдделі министрліктер мен ведомстволардың, ұлттық компаниялардың басшыларымен еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін дамыту жөніндегі кеңесте мәлімдеген болатын.