Бүгіннен бастап Alina компаниясы өндіретін құрылыс материалдарын цифрлық микрокредиттендірудің арқасында тез арада сатып алуға болады.
Solva компаниясы Қазақстанның құрылыс материалдары нарығындағы ірі өндіруші холдинг Alina Group компаниялар тобымен бірлесіп, ШОБ-қа арналған өнім түрлерін кеңейтіп, құрылыс материалдарын одан әрі сату үшін оларды көтерме бағамен сатып алуға микрокредит алу мүмкіндігін ұсынып отыр.
Бұл ынтымақтастықтың артықшылығы – үш жаққа да тиімді.
Solva-ның құрылыс материалдары саудасында қызмет ететін қазіргі және әлеуетті клиенттері үшін бұл тікелей сауда орындарында тез, ыңғайлы, кепілсіз мақсатты қаржыландыруға қол жеткізу мүмкіндігі. Бұған қоса айналымдағы қаражат жұмсалмайды. Осындай әдіс микрокредитті ресімдеу уақытын үнемдеп, бұл іске қатысушылардың өзара қарым-қатынас тізбегін оңтайландыра түспек.
Solva үшін бұл өзінің ШОБ-пен жұмыс істеуге әрі өнім түрлерін кеңейтуге бағытталған стратегиясын іске асыру болмақ. Сонымен қатар компания осындай ірі өндірушілермен тікелей серіктестіктің арқасында өз клиенттеріне ең тиімді шешімдерді ұсына алады.
Alina Group үшін бұл сатудың әрі микро және шағын бизнесі бар клиенттерді қосымша ынталандырудың тиімді тәсілдерінің бірі.
Қаржыландырудың осы түрі жеке кәсіпкерлерге қол жетімді.
«Бірігіп жасаған жаңа қаржылық өніміміз ШОБ сегментіндегі кәсіпкерлердің басты мәселесін, яғни тауарды сатып алуға айналымдағы қаражаттың жоқтығын немесе жетіспеушілігін шешуге бағытталған. Біздің негізгі аудиториямыз – арнайы базарлар мен ірі сауда орындарында құрылыс материалдарын бөлшектеп сататын бизнесмендер. Серіктесіміз Alina Group үшін бұл өнім клиенттер санын арттыруға мүмкіндік береді. Біз болсақ, ол клиенттермен бұрыннан бірге жұмыс істеп, олардың өзекті мәселелерін шешіп келеміз. Серіктестігіміздің алғашқы қорытындылары қаржыландырудың осы түрін қолданған клиенттердің арасында тауарға тапсырыс беру көлемі 18,5%-ға өскенін көрсетті. Алдағы уақытта бизнестің өзге де сегменттеріндегі кәсіпкерлерге осындай кредиттік өнімдерді ұсына алатынымызға сенімдімін», — дейді «ОнлайнКазФинанс» МҚҰ» АҚ бас директоры Анна Максимова.
Жаңа өнімдерді әзірлеуде Solva әрдайым клиенттер қажеттіліктеріне баса назар аударып, скоринг пен IT-шешімдердің жетілдірілген моделінің арқасында жылдамдық, сонымен қатар ыңғайлылық пен икемділік сияқты талаптарға жауап беретінін атап кеткен жөн.
«Alina және Solva арасындағы серіктестік нәтижесінде сауда орындарымызда өнімімізді сатып алғысы келетін клиенттерімізді қаржыландыруға арналған бірлескен өнім пайда болды. Бұл өнімнің артықшылығы – Solvaның клиенттеріміздің өтінімін мақұлдау коэффициенті 90%-ға дейін артты, өтінімді онлайн ресімдейді, көп құжатсыз әрі тиімді пайызбен 4 млн тг дейін кепілсіз кредиттің ең көп сомасын ала алады. Клиенттеріміз үшін бұл кредиттеудің оңтайлы шарттарымен тауарымызды сатып алудың таптырмас мүмкіндігі», — дейді Alina Group-тің қазынашылық бөлімінің басшысы Дмитрий Панин.
Solva («ОнлайнКазФинанс» МҚҰ» АҚ) – Қазақстанның кепілсіз банктік емес қаржыландыру нарығында көшбасшы. Компания микро-шағын және орта бизнеске арналған цифрлық қаржылық шешімдер ұсынады. Solva күн сайын клиенттері мен әріптестеріне мақсаттарын жүзеге асыруға көмектесе отырып, іс жүзінде өзінің атын растай отырып (ағылш. solve — шешу), Қазақстан нарығында 2016 жылдан бері жұмыс істейді. Соңғы екі жылда компания Қазақстанның 58 мың кәсіпкерін жалпы сомасы 69 млрд. теңгеге қаржыландырды.
Alina Group, 1989 жылы құрылған – бизнестің түрлі салаларының дамуымен айналысатын көп салалы холдинг. Бүгінгі таңда Alina Group – Қазақстанда әрі Орталық Азияда құрылыс материалдары мен лак-бояу өнімдері өндірісінің көшбасшысы. Компания нарықтың 60% құрайды және 3000 адамнан аса штаты бар ұлттық бәсекелес компаниялардың жетілігіне кіреді. Қазақстандықтардың 10 пәтерінің 8-і Alina Group-тің құрылыс-әрлеу материалдарының көмегімен жасалған.