Статистика бюросының дерегінше, 2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында металлургия өндірісіне 47,6 млрд теңге инвестиция тартылған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,6 млрд теңгеге немесе 16,8% аз.

Шойын, болат және ферроқорытпа өндірісіне құйылған инвестиция 16,8 млрд теңгеден 14,8 млрд теңгеге дейін азайды.

Негізгі асыл және түсті металдар өндірісінде – 33,1 млрд теңгеден 31,9 млрд теңгеге дейін төмендеді. 

Бәрінен де металл құюға инвестиция 2022 жылдың қаңтар-ақпан айларында 7,3 млрд теңге салынса, қазір небәрі 0,9 млрд теңге салынды. 

Осы жерде айта кететін жайт, 2022 жыл да инвестицияның азаюымен басталды, алайда оның нәтижелері бойынша сала айтарлықтай өсті. Өткен жылмен салыстырғанда инвестиция көлемі 606,3 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылға қарағанда 28% көп.