Ақпан айында 199,3 мың тонна шойын өндірілді. Бұл 2013 жылдың тамызынан бергі ең төменгі көрсеткіш. 2022 жылдың ақпанымен салыстырғанда шығарылым төрттен бірге, 2023 жылдың қаңтарынан бері 19% қысқарды.

Болат өндірісі – 264,4 мың тонна. Бұл 2020 жылдың мамырынан бергі ең төменгі көрсеткіш.

Жалпақ прокат – 197,1 мың тонна. 2022 жылдың көктемінен бергі минимум.

Ферроқорытпа – 136,6 мың тонна. 2015 жылдың тамызынан бергі минимум. Оның үстіне өндіріс көлемі 4 ай қатарынан азайып келеді.

Тазартылған мыс – 31,2 мың тонна, 2022 жылдың қыркүйегінен бергі минимум және соңғы 7 жылдағы ең төменгі көрсеткіштердің бірі.

Шикі күміс – 74,6 тонна, 2021 жылдың шілдесінен бергі минимум.

Оның үстіне шикізат мәселесі де бар. Темір рудасын өндіру 2019 жылдың наурызынан бергі ең төменгі деңгейде.

Марганец кені өндірісі тарихи минимумға жақын (20,3 мың тонна, орташа деңгейі 2021 жылы айына 99,2 мың тонна, ал 2022 жылы – 29,3 мың тонна болған).