Қазақстанда әлеуметтік аз қамтылған халыққа мемлекет тарапынан жеңілдетілген шартпен баспаналы болуға мүмкіндік беретін бірқатар бағдарлама бар. Алайда, мемлекеттік бағдарламалардың ішінде тек әлеуметтік әлсіз топтарға арналғаны аз. Көпшілігі орташа табысы, тұрақты жұмысы бар азаматтарға арналған.
Ресми статистика бойынша, Қазақстанда ешқандай мемлекеттік бағдарламаға іліне алмайтын 600 мыңдай отбасы бар. Бұл отбасылардың үй алу мүмкіндігі өте төмен. Мемлекеттік бағдарламалар бұл отбасыларға жетпейтіні белгілі. Осы орайда, халықтың әлсіз тобына үй алудың қандай жолы бар деген сауал көпшілікті алаңдатады.
Тұрғын үй және тұтыну кооперативтері осы проблеманы шешудің ең оңтайлы жолы. Халық арасында кооперативтер туралы толық таным жоқ. Осы орайда, кооперативтер деген не және олар қалай жұмыс істейді деген сұрақтарға жауап іздеп көрейік.
- Тұрғын үй кооперативтері – азаматтардың бірігіп азаматтық-құқықтық негізде құрылатын ұйым.
- Кооперативтің жалғыз немесе бірнеше адамнан тұратын иесі немесе акционері болмайды. Кооперативтің иесі – сол кооперативке ие азаматтардың өздері.
- Кооператив жұмысында оның төрағасы шешім қабылдамайды, шешім тек кооператив мүшелерінің дауыс беруімен қабылданады.
- Кооператив қаржылық немесе коммерциялық ұйым емес. Тиісінше ондағы ақша өзге бизнеске инвестицияланбайды. Қаражат тек үлескерлерге үй алуға жұмсалады.
- Кооператив пайда табуды көздемейді. Жоғарыда айтылғандай, қаражатты айналдыруға құқы жоқ.
Бұл кооперативтің негізгі ерекшеліктері. Ал кооперативт арқылы үй алудың артықшылықтары айтатын болсақ:
- Кооперативтің ипотекадан артықшылығы – онда жылдық үстеме пайыз болмайды. Мәселен, 10 млн теңгенің үйін 7 жылға бөліп төлеуге аласыз, үстеме пайыз қосылмайды.
- Табысыңызды растау қажет емес. Көпшілік азаматтар ресми табысы болмағандықтан немесе жалақысы аз болғандықтан банктердің ипотекасын ала алмайды. Ал кооператив сізден табысыңыз туралы анықтама сұрамайды.
- Несие тарихыңызды тексермейді. Көптеген азаматтар банктерден бір кездері алған несиесін өтей алмай немесе создырып алғандықтан қара тізімге түсіп қалып жатады. Тиісінше, оның табысы жеткілікті болса да банктер оған несие бермейді. Ал кооперативтер банктер секілді несие тарихыңызды тексермейді.
Әлеуметтік аз қамтылған топ қана емес, орта тап өкілдері де кооператив арқылы әлбетте үй ала алады. Үлескер болу үшін үлескерлік жарна мен алғашқы соманы төлесеңіз жеткілікті. Кооперативпен келісімшарт жасасып, шартта көрсетілген уақытта үйлі бола аласыз.
Мәселен, 2019 жылы құрылған ROI тұтыну кооперативі бүгінге дейінгі үш жылда 2 мыңнан астам салымшыға жалпы құны 13 млрд теңгенің пәтер, жер үй және автокөліктерін алып берді. Кооператив қызметіне әсіресе ірі қалаларда сұраныс көп. Қазіргі таңда ROI кооперативінде 17 мыңға жуық үлескер бар.
Өңірлер бойынша бүгінге дейін жер үй, пәтер, жер немесе көлік алғандар саны төмендегідей.
Алматы қаласында 160, Нұр-Сұлтан қаласында 90, Батыс Қазақстан облысында 706 баспана немесе көлік алынған. Сонымен қатар, Ақтөбе, Шымкент пен Түркістанда жүзден астам баспана мен көлік берілді. Атырау облысында 71, Маңғыстау облысында 63, Павлодарда 36, Семей мен Өскеменде 23, Қарағанды облысы мен Жезқазғанда 20 үй немемсе көлік алынды. Жалпы, кооперативтің Қазақстан бойынша 27 қаласында өкілдіктері жұмыс істейді.
Айта кетерлігі, кооперативтің үй алу шарттары нарықтағы ең қолайлы болғанына қарамастан, кей жағдайда үлескерлерге қосымша жеңілдіктер ұсынады. Мәселен, таяуда кооперативтің 3 жылдығына орай Ақтөбе қаласында ата-анасынан айырылған кәмелетке толмаған 3 бала мен бір көпбалалы анаға жеңілдетілген шартпен баспана кілттерін табыстады.
Жалпы, кооператив арқылы үй алушылар тек әлеуметтік аз қамтылған халық емес. Табысы орта немесе ортадан жоғары азаматтар да кооперативтің қолайлы шарттары арқылы үй немесе көлік алып жатыр. Атап айтқанда, шымкенттік кәсіпкер Мөлдір Омарова кооператив арқылы автокөлік алып, оны жалға беріп, қазір енді екінші баспанасына қаражат жинап жатыр.
Әдетте кооператив әдетте үйді 5-7 жылға бөліп төлеуге береді. Осы уақытта үй алған үлескер қарызын қайтарып отырады, бұл ақша да тиісінше айналымға шығарылып, кейінгі үлескерлер үшін үй алуға жұмсалады. Сонымен қатар, уақыт өткен сайын үй бағасының тұрақты қымбаттайтынын ескерсек, кооператив бір кездері сатып алған үйі қымбаттап, үлескерлер үшін қосымша қаражат пайда болады.