Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қазақстандағы жекешелендіру процесін қиындататын себептерді тізіп шықты.
Ведомствоның мәліметінше, бұған келесі жағдайлар кедергі келтіреді:
- тауар нарықтарын талдаусыз және мемлекет активтерін іріктеудің нақты критерийлерінсіз (жүйесіз) жекешелендіру тізбесін қалыптастыру;
- орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың және басқарушы холдингтердің активтерін сатуға мүдделі болмауы;
- қалдық қағидаты бойынша жекешелендіру тізіміне енгізу (коммерциялық (инвестициялық) қатысуы жоқ жұмыс істемейтін активтер енгізіледі);
- инвесторлар мен активтерге жоғары талаптар (персоналды ұстап қалу талаптары, қызмет бағыттары, әлеуметтік міндеттемелер, өткен қызметтен залалдар және т.б.);
- пайданы барынша арттыру үшін лоттарды біріктіру («жеке монополияларды» құруға немесеI бар доминанттардың жағдайын нығайтуға әкелуі мүмкін).
Оның үстіне мемлекеттік органдардың бастамасымен әртүрлі себептермен (соның ішінде әкімшілік реттеуді сақтау) жекешелендіру жоспарын қысқарту және оған жаңа кәсіпорындарды енгізуді қаламау үрдісі байқалады.