2022 жылғы қаңтар-маусым аралығында бөлшек сауда көлемі 6083,3 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 1,2% жоғары, деп хабарлайды Статистика бюросы.
Алайда, 2021 жылдың маусым айымен салыстырғанда көрсеткіш 6,2% төмендеген.
Дара кәсіпкерлердің тауарларды бөлшек саудада өткізу көлемі 5,2% өсті.
Азық-түлік тауарларының бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі үлесі 32,9% құрады, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 67,1%.
Сату көлемінің ең көп өсімі азық-түлікке жатпайтын тауарларға тиесілі, атап айтқанда майлау материалдары, тоқыма және шұлық бұйымдары, автомобиль бөлшектері, тораптар мен керек-жарақтар, мотор отыны, тұрмыстық электр құралдары, фармацевтикалық тауарлар, компьютерлер, перифериялық жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету, киім, аяқ киім, косметикалық тауарлар мен гигиена құралдарын сататын кәсіпорындарда байқалды.
2022 жылғы 1 шілдеге сауда кәсіпорындарының тауар қорларының көлемі (есеп берген кәсіпорындар бойынша) бөлшек саудада 1162,7 млрд теңгені, сауда күндерінде 61 күнді құрады.
2022 жылғы қаңтар-маусымда республикадағы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі едәуір жоғары үлес салмақ Алматы қаласына (30,7%), Нұр-Сұлтан қаласына (11,7%), Қарағанды (8.3%) және Шығыс Қазақстан (6.7%) облыстарына келеді.