Қазақстан қор биржасы АҚ (KASE) Мәскеу биржасы ЖАҚ (MOEX) KASE акционерлерінің құрамынан шыққандығы туралы хабарлайды.
11 қазандағы жағдай бойынша KASE акцияларын ұстаушылардың өзекті тізімі Биржаның сайтында жарияланды. Көрсетілген күнге KASE негізгі акционері 47,0% үлесі бар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.
Бұдан басқа, KASE 2018 жылдың 10 қазанында биржалар қол қойған Стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге және онымен байланысты келісімдерге негізделген MOEX-пен өзара қарым-қатынастардың тоқтатылғаны туралы хабарлайды.
2024 жылдың 30 қыркүйегінен бастап MOEX өкілі – Владимир Крекотень өзінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініші негізінде KASE Директорлар кеңесінің құрамынан шықты.
KASE биржалық нарықты дамыту, жаңа биржалық өнімдерді енгізу, қазақстандық биржалық нарықтың инвесторлық базасын кеңейту жөніндегі стратегиялық міндеттерін шешуге бағытталған ынтымақтастығы үшін MOEX-ке алғыс білдіреді.
Әріптестік кезеңінде Биржа сауда-клирингтік жүйелерді жаңғыртуды, барлық биржалық нарықтарда орталық контрагенттің қызметтерін енгізуді, жаңа қаржы құралдарымен, атап айтқанда, клирингілік қатысу сертификаттарымен репо сауда-саттықты ашуды және т.б. қоса алғанда, стратегиялық жобаларды іске асырды.
KASE-дегі MOEX үлесін ресейлік «Тетис Капитал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Д.У. «Нигелла» жабық инвестициялық пай қоры 8,5% үлесімен (91 мың 395 акцияға ие) және тағы бір ресейлік «Баланс активтерін басқару» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Д.У. 4,6008% (меншік құқығы – 49 мың 469 акция) «Левкой» біріккен жабық инвестициялық пай қоры сатып алды.
KASE акционерлерінің толық тізімін мына сілтемеден көре аласыздар.