Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 2021 жылы
Қазақстанда 1,06 миллион тонна ет өндірілді. Оның көлемі алдыңғы жылмен
салыстырғанда 0,4% өскен. Соның ішінде қой етіне ішкі сұранысты отандық
шаруалар толығымен өтеген. Ал сиыр еті бойынша 98,6%-ын, жылқы етінің 97,5%
сұранысты отандық шаруалар қамтамасыз еткен.
Бір кездері ет экспортын 60 мың тоннаға дейін жеткізу туралы Үкіметтің жоспары орындалмағанымен, жекелеген шаруашылық ішкі нарықтағы сұранысты өтеп, қазір экспортқа белсенді көшіп жатқаны байқалады. Соның бірі Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Талдысай ауылындағы «Арман-М» шаруа қожалығы.
Қожалық 2013 жылы құрылды. Кәсіпкерлік ірі қара, қой
және жылқы өсіруге бағытталған. Бүгінде мұнда 1500 асыл тұқымды еділбай қойы,
500-ден астам асыл тұқымды сиыр бар. Абердин-ангус және Герефорд ақбас тұқымды
мал ұстайтын репродуктор шаруа қожалығында 3000 бас мал бордақылау алаңы жұмыс
істейді.
«Асылдандыру бағдарламасы аясында Ақтөбе облысы
бойынша 565 шаруа қожалығына бұқаларымызды екі жылға жалға беріп отырамыз.
Кейін одан шыққан төлдерді өз қаржымызға сатып аламыз. Төлдердің салмағы 420
келіге дейін жетеді. Тіпті, 550-ге дейін барады. Біз оларды үш айдың ішінде
семіртеміз. Шаруашылықтың Ақтөбе қаласында «Топатай» атты дүкендері бар. Етті
соған тапсырып, тұтынушыларға сатамыз. Жұмыстың оңай емесі анық. Бірақ, бәріміз
қалаға көшіп барсақ, бізге мұндай өнімді кім дайындайды?» – дейді «Арман-М»
компаниясының басқарушысы Хабиболлат Нұржанов.
Кәсіпорынның Ақтөбеде үш дүкені бар. «Топатай» желісінде
сиыр, жылқы, қой және тауық еті саудаланады. Мұнда шаруа қожалығының өнімдері
қолжетімді бағамен бөлшек бағаға сатылады. Бұдан бөлек шаруашылық өз өнімдерін
шетелге де экспорттап отыр. Атап айтқанда Қазақстанда сойылған мал еті берісі
Еуразиялық экономикалық одаққа, арысы Өзбекстан мен БАӘ-ге жеткізіледі.
Шаруа қожалығының меңгерушісі және негізін
қалаушы Қазыбек Әлішев кәсіпті бастапқыда небары екі жүздей
ірі қара малмен бастағанын еске алады.
«Jusan Bank-тен айналымға қаражат алғанымыздың
арқасында бүгінде біздегі ірі қара малдың саны үш мыңнан асып отыр. 1500 қой,
700 жылқымыз бар. Сонымен қатар, Jusan Bank-тің қаржылай қолдауының арқасында
Өзбекстан Республикасының «Zamin», «Promeat» атты мекемелерімен
экспорттық әріптестік орнаттық. Яғни, қаржы ұйымымен қоян-қолтық жұмыс істеудің
нәтижесінде осындай жетістікке жетіп отырмыз», – дейді.
«Арман-М» шаруа қожалығында еңбек ететіндердің 95%-ы жергілікті Талдысай ауылының тұрғындары. Компания жұмыскерлерді ынталандыру мақсатында, сонымен қатар, дәстүрді дәріптеу тұрғысында көкпар командасын құрған еді. Аталмыш топ аудандық, облыстық, республикалық деңгейде жарыстарға қатысып, жүлделі орындарын алып жүр. Бүгінде «Арман-М» қызметкерлерінен құралған көкпаршылар өңірдің мақтанышына айналған.
Шаруа қожалығының иелігінде 12 мың гектар шабындық пен
жайылым мен оны шауып және жинайтын МТЗ және К-700 тракторлары, комбайндары,
шөп шабатын, жинайтын техникалары бар. Шаруашылық өзін өзі барынша шикізатпен
қамтып отыр.
Ауыл шаруашылығының басты кедергісі қаржыландырудың
жетіспеушілігі екені жиі айтылады. Мемлекеттік субсидия тиімді таратылмайды, ал
шаруалардың өздерінің жеткілікті қаражаты жоқ. Осы орайда, саланың алға
ілгерілеуіне банктердің несиесі тиімді шешім бола алады. Алайда, көп банктер
бұл салаға қаржы сала қоймайтыны да жасырын емес. Инвестиция салатын аз ғана
банктердің бірі Jusan Bank жекелеген кәсіпкерлерді қолдап қана қоймай, сонымен қатар
ауыл халқын жұмыспен қамтып, отандық өнімнің экспортына да орасан зор ықпал
етіп отыр.
Айта кетсек, Jusan Bank еліміздің шағын және орта бизнес секторын белсенді қолдап келеді. Мысалы, соңғы үш жыл үшінде банк ШОБ жобаларын 900 млрд теңгеге қаржыландырды. Соның арқасында елімізде жаңа 175 мың жұмыс орнын ашу мүмкін болды.