2022 жылдың бірінші жартыжылдығында күнбағыс майын өндіру көлемі 235 мың тоннаға жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бірден 38,1% артық. Тазартылмаған күнбағыс майы 160 мың тонна (бір жылда 71,5% өсті), тазартылған күнбағыс майы 75 мың тонна (2021 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 2,5%-ға аз) өндірілді, деп хабарлайды energyprom.kz.
Өңірлер бойынша өндірілген күнбағыс майының жартысына жуығын Шығыс Қазақстан облысы қамтамасыз етті: 78,1 мың тонна тазартылмаған және 33,6 мың тонна тазартылған май. Сондай-ақ тазартылмаған күнбағыс майын өндірудің айтарлықтай көлемі Абай (43,8 мың тонна) және Қостанай (9,1 мың тонна) облыстарына, өңделген күнбағыс майының біразын Шымкент (24,2 мың тонна) және Алматы (10,4 мың тонна) облыстары қамтамасыз етті.
Қазақстандық күнбағыс майын өндірушілер биыл қаңтар-мамыр айларында сұранысты 83,5% жауып, тиісінше импорт 16,5%-ды құрады. Өткен жылдың қаңтар-мамыр айларымен салыстырғанда өнім көлемі 29,6% өссе, импорт 26,6% артқан.
2022 жылғы қаңтар-мамырда ішкі нарықта күнбағыс майын сату көлемі 143,8 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда небәрі 3,7% ғана артық. Бұл ретте экспорт екі еседен астам өсіп, 92,4 мың тоннаны құрады.
2022 жылдың шілде айы қорытындысы бойынша, ҚР-да күнбағыс майы бір айда 1,4%-ға қымбаттады, ал жыл басынан бері бағаның өсуі 8,1%-ды құрады. Өткен жылдың шілде айымен салыстырғанда баға 11,6% өсті, бұл алдыңғы жылғы көрсеткіштен айтарлықтай төмен, ол кезде бағаның бірден 65,8% көтерілген еді.