«Кселл» мобильді операторының OGO-картасы Қазақстанда кең таралуда. Енді қоғамдық көліктерде тегін жүрудің бірегей мүмкіндігін 28 қала тұрғындары пайдалана алады  бұған дейін бұл науқан еліміздің 11 қаласында ғана іске қосылған болатын. Қазақстандықтар тарапынан бұл қызметке сұраныстың көптігінен компания науқан географиясын кеңейтуге шешім қабылдап, тағы 17 қаланы қосты.

Астана, Атырау, Ақтөбе, Орал, Павлодар, Семей, Екібастұз, Ақсу, Қонаев, Хромтау, Жезқазған, Бейнеу, Ұзынағаш қалаларында тегін жол жүру үшін Avtobys қосымшасын орнатып, «Кселл» OGO-картасын тіркеп, күніне 2 сапар төлеміне 99,9% кэшбек алуға мүмкіндік жасалған. Пайдаланушылар алған бонустарын теңгерімге шығарып немесе онымен жолақы төлей алады. Науқан алғашқы күннен бастап қазақстандықтардың көңілінен шықты, олар жолда үнемдеудің жақсы мүмкіндігін белсенді пайдалана бастады. 

Алматы, Қарағанды, Балқаш және Сараң қалаларындағы автобустар мен метроларда банк карталары арқылы төлем әлі жүзеге асырылмағанына қарамастан, Кселл/актив абоненттері үшін басқа мүмкіндік бар және науқанға қатыса алады – ол үшін ОҢАЙ қосымшасында OGO-картасын тіркеп, көлік картасын 200 теңгеден астам сомаға толтырғандарына күніне 2 рет 150 теңгеге дейін кэшбэк алуға болады.

«Науқанның алғашқы нәтижелеріне қарасақ, абоненттер тарапынан жоғары қызығушылық байқалады. Егер желтоқсанда ОГО-картасының көмегімен жол жүру күніне 10 төлемнен аспаса, қазірде бұл сан күніне 1200 операцияға дейін өсті. Алматы мен Қарағанды көш бастап тұр, олардан кейін Астана, Павлодар, Петропавл, Түркістан қалалары. Жалпы, біздің жоспарымызда ОГО-картасы бойынша операциялар санын тәулігіне 3 мыңға дейін жеткізу көзделген»,  дейді «Кселл» АҚ цифрлық сервистер басшысы Сергей Коптик.


Еліміз бойынша қоғамдық көлік бағасының өсуін ескерер болсақ, компанияның бұл межесіне тез жетуі де әбден мүмкін. Мысалы, жыл басынан бастап Павлодар, Орал, Қонаев тасымалдаушылары тарифтерін қайта қарап, осындай жоспарларды Шымкент, Қарағанды және Астана тасымалдаушылары да жариялады. Тиісті қаулы жобасын Астана әкімдігі «Ашық НҚА» порталында жариялап, жол жүру құнын 90 теңгеден 110 теңгеге дейін көтеруді ұсынды. 

«Қазір біз қала халқын, атап айтқанда, жол ақысын қалталарына айтарлықтай салмақ болатын ЖОО студенттері  үшін  тегін жол жүру мүмкіндігін жан-жақты хабардар етіп келеміз. Біз сондай-ақ барлық қалаларда өз абоненттерімізге SMS-хабарламалар жібердік және жақын арада науқанға қатысқан қазақстандықтардың саны көбейеді деп ойлаймын. Сонымен қатар, Астана, Атырау, Ақтөбе және Павлодарда жол ақысын төлейтіндердің барлығы біздің ОГО-картасы бар Avtobys қосымшасы арқылы төлем басқа банктік қосымшаларға қарағанда жылдам және ыңғайлы өтетінін атап көрсетеді»,  дейді Сергей Коптик.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда «Кселл» шамамен 300 мың OGO-картасын шығарды және бұл сан күнделікті және үздіксіз өсіп келеді, өйткені карта иелері қоғамдық көлікпен тегін жол жүруден бөлек кафелерде, мейрамханалар мен барларда, супермаркеттер мен үйдің жанындағы дүкендерде, таксимен жол жүру кезінде, жанар-жағармай станцияларында және тіпті коммуналдық қызметтердің ақысын төлеген кезде кэшбэктер мен бонустар алады. Оның үстіне ол шетелдегі қолма-қол ақшасыз төлемдер үшін, мысалы, AliExpress ірі маркетплейсінде ОГО-бонустар есептелетін Қазақстандағы аз ғана карталардың бірі. Енді «Кселлде» Mastercard халықаралық төлем жүйесімен бірге тағы бір науқан іске қосылды: 12 ақпан мен 31 наурыз аралығында Mastercard OGO-card картасымен Apple Pay, Google Pay немесе Samsung Pay арқылы 200 мың теңге сомасына сатып алу ақысын төлей отырып, ұстаушы ағымдағы жылдың 1 маусымында Ұлыбритания астанасы Лондонда өтетін УЕФА Чемпиондар Лигасының финалына екі адамға арналған сапарды, сондай-ақ Mastercard пен Еуропалық футбол бірлестіктерінен басқа да жүлделерді ұтып ала алады.