Ұлттық банк блогерлер мен коучтардың криптовалюта жарнамалауына жауапкершілік енгізеді. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов депутаттық сауалға берген жауабында айтты.

Блогерлер мен «коучтар» арқылы жастарды сұр криптонарыққа тартуға және тіркелмеген криптопровайдерлердің қызметіне қарсы тұруға қатысты Ұлттық Банк әлеуметтік желілер мен цифрлық платформаларды пайдалана отырып, жастарды және қаржылық сауаттылығы мен инвестициялық мәдениеті жеткіліксіз халықтың әлеуметтік осал топтарын (ХӘОТ) «сұр» криптонарыққа тартатын блогерлер мен «криптокоучтар» деп аталатындардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелерінде кешенді және үйлестірілген тәсілді қалыптастыру қажеттілігін қолдайды. Мұндай белсенділік көбіне тіркелмеген (лицензиясы жоқ) криптопровайдерлер арқылы жүзеге асырылады, бұл жеке инвесторлар үшін де, жалпы қаржылық тұрақтылық үшін де қауіп тудырады.

«Жасанды интеллект туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына ілеспе заң жобасы шеңберінде қолданыстағы заңнамаға бірқатар түзетулер енгізу көзделген. Осы заң жобасы бойынша түзетулер лицензиясы жоқ және тіркелмеген криптопровайдерлер арқылы криптоактивтермен операциялар жасағаны үшін жеке әкімшілік және сол сияқты қылмыстық жауапкершілікті белгілеуге, сондайақ цифрлық активтерді жарнамалауға байланысты шектеулерді енгізуге бағытталған.

Жастар тарапынан цифрлық активтерге деген қызығушылықтың артуын, сондай-ақ криптонарықта «жылдам байып кету» мүмкіндіктері туралы жалған ақпараттың тез таралуын ескере отырып, Ұлттық Банк осы саладағы шараларды күшейтіп қана қоймай, сонымен қатар «жалған криптокоучтардың» қызметтін, сондай ақ заңсыз криптосервистерді ілгерілетуді анықтауға, алдын алуға және болдырмауға, бағытталған кешенді құқықтық режимді әзірлеу қажет деп санайды.

Осыған байланысты Ұлттық Банк жоғарыда аталған заңнамалық түзетулер шеңберінде тиісті құқықтық тетіктер мен нақтылауларды пысықтау мүмкіндігін қарастыруды ұсынады, бұл біздің ойымызша, цифрлық активтерді реттеу негіздерін нығайтуға, азаматтардың (әсіресе жастар мен ХӘОТ) қорғалу деңгейін арттыруға және Қазақстан Республикасында өркениетті криптонарық қалыптастыруға ықпал етуге мүмкіндік береді.

«Жасанды интеллект туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы шеңберінде түзетулер адалдық пен айқындылық қағидаттарын сақтай отырып, қазақстан криптоинвесторларының шетел крипто-алаңдарынан қазақстан крипто-алаңдарына ерікті түрде көшуі үшін құқықтық негізді қамтамасыз ететінін атап өту маңызды. Бұл шешім крипто-капиталды елге қайтаруға, шетелдік және (немесе) жергілікті «сұр» крипто-провайдерлерінің қызметтерін пайдалана отырып, капиталды елден шығаруды болдырмау мақсатында ұлттық юрисдикцияға деген сенімді нығайтуға бағытталған.