DAR компаниялар тобының негізін қалаушы Әлидар Өтемұратов кәсіпкерлермен эксперттік demo-talk кездесу өткізді. Мұнда шағын бизнесті дамытуға жаңа мүмкіндіктер ұсынатын Darlean платформасы таныстырылды.  

Қазақстанда автоматтандыру арқылы операциялық шығындарын үнемдеп, өнімділігін арттыруға әлеуеті бар 415 мыңға жуық шағын сегментті компания бар. DAR компаниясының жүргізен зерттеуінің нәтижесіне сүйенсек, бизнес ресурстарының 74  пайыздайын профильдік емес операцияларға жұмсайды екен.

«Кәсіпкерлермен жұмыс істей келе, олардың бетпе-бет келетін мәселелерін байқадық. Сөйтіп бухгалтерлік есеп, заңды қызметтер, маңызды құжаттарды сақтау сияқты мәселелерде процестерді автоматтандыруға көмектесетін шешім ұсынғымыз келді. Күнделікті мәселелерді бір батырманы баса салып тез шешуге болатындай қылсақ дедік. Міне, сондай шешімді Darlean платформасы ұсынады. Ол жетекші-кәсіпкерге де, платформаны қолданатын қызметкерге де өте түсінікті әрі қарапайым. Ірі бизнестердің технологияларын шағын кәсіптің сұранысына сай трансформация жасадық. Осылайша автоматтандыру дәрежесі бойынша әлемнің жетекші компанияларымен иық тіресе алатындай мүмкіндік бергіміз келді», — дейді Әлидар Өтемұратов.

Платформаны жасағандардың сөзінше, Darlean  қазақстандық бизнестегі бұрыннан белгілі нүктелік шешімдермен бәсекелеспейді. Одан гөрі компаниялардың мүмкіндігін молайтып, барлық процесті бір платформаға синхрондау арқылы қызметкерлердің уақытын үнемдеуге көмектеседі деген дұрысырақ. ERP-жүйе бизнестің барлық  қызметін компьютер арқылы да, телефоннан мобайл режимде де автомандыра алады.

«Мен Тайванда жүргенде Darlean-ді сынап көрдім. Жұмыс барысында менде үнемі процесс те, келісімдер мен контрагенттер де көп болғандықтан, маған бұл өте қолайлы болды. Барлық жұмысты телефонмен істей бересің. Біреуді жалдап, код жазуды үйреніп жүрмейсің. Батырманы басып-басып түсіні аласың. Егер түрлі тапсырмасы бар ондаған адамның жұмысын бақылау керек болса, онда Darlean арқылы осы шаруаларды қолайлы әрі ың-шыңсыз істеуге болады», — деп ойын бөлісті Stupid Mad World арнасының негізін қалаушы Максим Якименко.

Әдетте қағаздағы мәліметтерді ақпараттық жүйелерге ауыстырған кезде механикалық қателер кетіп жатады. Бұл жүйе сондай қателер факторын барынша азайтайды. Кез келген құжатты автомат түрде толтырып, ЭЦҚ-мен қызметкер не контрагент қол қоя алатындай қылуға болады. Жасанды интеллект кірістірілген чат-бот көмегімен видео-кездесудің хаттамасын сұратып, сол жиналыстардың қорытындысына сай тиісті тапсырмалар беруге мүмкіндік бар.

Өнімнің ең маңызды ерекшелігі сол — компаниялар тобын не филиал желісін орталықтан басқару мүмкіндігінде. Навигация өте қолайлы болғандықтан, бірнеше ұйым бірлігін бір мобайл қолданба көмегімен басқаруға болады.

Darlean  платформасын қазақстандық инженерлер жасап шығарған. Олар әрі қолдау жағынан, атап айтқанда оқытуға, клиенттермен жұмыс істеп, әкімшілерді дайындауға көмектеседі. Платформасы интерфейсі қазақша, орысша және басқа да тілдерде бар. Технология түрлі салада істейтін, 16-100 аралығында қызметкері бар компанияларға жақсы үйлеседі. ERP-жүйе SaaS форматында да, On-premise форматында да жұмыс істейді.  

«Қазіргі таңда бұл IT-шешім 11 модульден тұрады. Келесі релизде келісімшарттар мен төлемдерді қаржылық және заңдық тұрғыдан бақылауға мүмкіндік беріп, қызметкерлер білігін арттыруға арналған оқу модулін қосқымыз келеді. Клиенттер тарапынан қазірдің өзінде ұсыныс пен кері байланыс алып отырмыз. Сонымен қатар қолдану ыңғайлырақ болсын деп платформаның басты бетінің дизайнын да жақсартсақ дейміз», — дейді DAR компаниялар тобының басқарушы серіктесі Болат Садықұлов.