2023 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша, ҚР-да автокөліктерге техникалық қызмет және жөндеу қызметі көлемі 83,1 млрд теңге болды, бұл бір жыл бұрынғыдан құндық мәнде 40,7% артық.
Өңірлер бойынша барлық қызметтердің 39,6%-ы оңтүстік астана Алматыға тиесілі: 32,9 млрд теңге – былтырғы бірінші жартыжылдықпен салыстырғанда құндық мәнде 56,5% көп. Алғашқы бес өңірге сондай-ақ Астана қаласы (9,9 млрд теңге, 31,9% көбейген), Атырау (6,4 млрд теңге, 33,5% көбейген), Қарағанды (4,1 млрд теңге, 65% көбейген) және Шығыс Қазақстан (3,9 млрд теңге, 24,3% көбейген) облыстары кірді.
Сала бойынша ең аз қызмет Ұлытау (83,6 млн теңге), Қызылорда (582,5 млн теңге) және Жетісу (661,7 млн теңге) облыстарында көрсетілген.
Биыл маусымның қорытындысы бойынша, жеке көліктерді пайдалану бір жылда 15,7% қымбаттады. Соның ішінде қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтар, сондай-ақ жанармай материалдары бір жылда 15,9%, техникалық қызмет және жөндеу 14,6% қымбаттады.
Бағаның ең көп өсуі Ақтөбе (20,7% өскен), Шығыс Қазақстан (20,3% өскен) және Солтүстік Қазақстан (19,7% өскен) облыстарында, ең азы – Ұлытау облысында (8,1%) байқалды.
Қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтар Астанада (34,2%) айтарлықтай өсті, ең азы – Жетісу облысында (бар болғаны 1,4%).
Жанармай материалдарының бағасы Солтүстік Қазақстан облысында айтарлықтай өсті (20,5%) , ал ең аз қымбаттау Ұлытау облысында (8,1%) қымбаттады.
Техникалық қызмет және жөндеу қызметінің ең көп жылдық қымбаттауы Ақтөбе облысында (бірден 72,6%), ең азы – Шымкентте (0,8%) байқалды.
Жеке көліктерге арналған қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтардың ішінде жеңіл автокөлік шиналары бір жылда орта есеппен 18,2%, май сүзгілері 13,4% қымбаттады.
Жанармайдың ішінде бір жылда бензин 12%, дизель отыны 36,1%, мотор майы 22,9% қымбаттады.
Саладағы қызметтердің ішінде техникалық тексеру – 8,9%, шиномонтаж қызметі – 12,4%, көлік жуу – 22,2% қымбаттады.