2023 жылдың көктемінен бастап Қазақстанның кей өңірлерінде коммуналдық қызмет бағасы қымбаттайды.
Тарифтің мөлшері нақты аймаққа және ЖЭО-ның тозу деңгейіне байланысты болады. Қазақстанда орташа есеппен коммуналдық қызметтерге тарифтер 10-45% аралығында көтеріледі деп күтілуде. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлім етті. Бұл ретте Екібастұз бен Риддерде айтарлықтай қымбаттамақ
«Ең көп өсім Екібастұзда жоспарланып отыр. Компаниялар тарифты екі еседен артық қымбаттатпақ. Бірақ біз бағаны ұстап тұрамыз. Риддере де баға айтарлықтай өседі», - деді Қуантыров.
Ұлттық экономика министрлігінің басшысы Екібастұз жылу электр орталығының иелері тарифті бірден 107% көтеруді сұрағанын атап өтті. Станцияны жаңартуға кететін шығынның бір бөлігін ЖЭО иесі, бір бөлігін бюджет, бір бөлігін тұрғындар көтереді.
Министр алдағы қыста қазақстандықтардың барлығы дерлік мемлекеттік қызмет көрсету тарифтерінің көтерілуіне тап болатынын атап өтті.