Кипрдің астанасы Никосияда FIDE Халықаралық шахмат федерациясының әйелдер арасындағы Бас жүлдесінің төртінші, ақтық кезеңі басталды.

Жарысқа әлемнің ең күшті 12 шахматшысы қатысуда. Онда Қазақстанның  намысын Бибісара Асаубаева қорғайды. Ол ақтық кезеңге Берлиндегі 8 үздік спортшы қыз қатысқан ірі Armageddon Women’s Chess Week жарысындағы феноменалды жеңісінен кейін бірден қосылды.

Freedom Holding Corp.-нің бас атқарушы директоры және Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов Асаубаеваны кезекті көрнекті жеңісімен жеке құттықтады.

Бас жүлде кезеңінде біздің еліміздің өкілдерінен бөлек 11 шахматшы қатысуда, олар: Харика Дронавалли, Динара Вагнер, Александра Горячкина, Нана Дзагнидзе, Белла Хотенашвили, Александра Костенюк, Тан Чжунъи, Оливия Киолбаса  Гюнай Мамедзаде, Катерина Лагно және Полина Шувалова.



Бибісара Асаубаеваның бірінші қарсыласы Үндістанның гроссмейстері Харика Дронавалли болды. Олардың ойынының алғашқы жүрісі салтанатын Тимур Турлов пен аты аңызға айналған шахматшы және әлемнің бес дүркін чемпионы, жарыстың құрметті қонағы Вишванатан Ананд өткізді.

FIDE Халықаралық шахмат федерациясының әйелдер арасындағы Бас жүлдесінің кезеңі 28 мамырға дейін жалғасады. Жарыстың бас серіктесі — Freedom Holding Corp.