Қазақстандық кинотеатрлар табысы үш есеге көбейді. Бірақ бұл әлі де болса пандемияға дейінгі көрсеткіштен аз, деп хабарлайды DataHub.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агентітігі Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылдың тоғыз айында Қазақстанда кинотеатрлар қызметі 14,5 млрд теңгеден асты. Бұл 2021 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 3,1 есеге көп. Ол кезде көрсеткіш шамамен 4,7 млрд теңге болған еді.

Дегенмен, бұл әлі де болса пандемияға дейінгі көрсеткіштен аз. Мәселен, 2018 жылы қызмет көлемі 16,3 млрд теңге, 2019 жылы 16 млрд теңгеге жуық болған еді. Оның үстіне бұл уақытта билет құнының да қазіргіден арзан болғанын ескерсек, кинотеатрларға барушылар саны пандемияға дейінгі көрсеткіштен айтарлықтай аз екені байқалады. Нақтырақ айтқанда, пандемияға дейінгі уақытта билеттің орташа бағасы 1200 теңге шамасында болса, қазір орташа құны 1800 теңге.

Айта кетейік, 2022 жылдың 10 айында билети бағасы 11,4% қымбаттаған.

Қалаларға жекелей тоқталар болсақ, ең кинотеатр билеті ең қымбат қалалар Атырау (2683 теңге) мен Шымкент (2637 теңге). 

Ал ең арзан қалалар Семей (1200 теңге) мен Тараз (1243 теңге).