2021 жылмен салыстырғанда 2022 жылы жұмыртқадан басқа азық-түлік өнімдерінің негізгі топтары бойынша тұтынудың төмендеуі байқалды.
Тұтынудың барынша азаюы сүт және сүт өнімдері топтары бойынша 6,9%-ға, нан өнімдері мен жарма өнімдері – 4,3%-ға, ет және ет өнімдері – 5%-ға тіркелді.
2022 жылы орташа айлық көрсеткішті алғанда халықтың жан басына шаққандағы азық-түлік өнімдерінің жекелеген түрлері бойынша тұтынуы: картоп – 3,7 кг, бірінші сортты бидай ұнынан пісірілген нан – 2,5 кг, сиыр еті – 2 кг, алма – 1,6 кг, құмшекер – 1,4 кг, күріш – 1,3 кг, шикі сүт – 1,2 л, айран – 1,1 л, жұмыртқа – 16,2 дана, макарон – 0,9 кг, жаңа ауланған немесе салқындатылған балық – 0,8 кг, қара шай – 0,1 кг құрады.
Қала және ауыл халқының азық-түлік өнімдерінің негізгі топтарын тұтынуын салыстырғанда ең жоғары айырмашылық жұмыртқа, нан өнімдері және жарма өнімдері, сондай-ақ жемістерді тұтыну бойынша байқалды.
Азық-түлік өнімдерінің негізгі топтарын орташа жан басына шаққандағы тұтынуының өңірлік аспектісін қарастыра отырып, тұтыну көлемі ең аз және ең көп келесі жетекші өңірлерді атап өтуге болады:
Азық-түлік өнімдерін тұтыну бойынша деректер тұрмыс деңгейі бойынша 12 000 үй шаруашылығын іріктеп зерттеу нәтижелері бойынша есептелген.
Орташа жан басына шаққандағы негізгі тамақ өнімдерін тұтынуы – қарастырылып отырған кезең ішінде үй шаруашылығының бір мүшесімен орташа тұтынған тамақ өнімдерінің (әрбір өнімнің түрі бойынша бөлек) саны. Ол азық-түлік тауарларының жекелеген түрлерінің тұтыну көлемін үй шаруашылығының бар мүшелерінің санына бөлу жолымен есептеледі. Ірілендірілген топтар бойынша тұтыну құрамдастарды бастапқы өнімге қайта есептеу есебімен анықталады.