Ұлттық банктің мәліметінше, банктердің экономиканы кредиттеу көлемі 2020 жылғы мамырдың соңында 13 972,8 млрд теңгеге дейін бір айда 0,6%-ға төмендеді.
Заңды тұлғаларға берілген кредиттердің көлемі 7 284,9 млрд теңгеге дейін 0,4%-ға, жеке тұлғаларға – 6 687,9 млрд теңгеге дейін 0,7%-ға азайды.
Ұлттық валютамен кредиттер көлемі бір айда 11 642,6 млрд теңгеге дейін 0,1%-ға азайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредиттер 0,8%-ға ұлғайды, ал жеке тұлғаларға – 0,7%-ға азайды.
Шетел валютасымен кредиттер көлемі 2 330,3 млрд теңгеге дейін 3,0%-ға азайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредиттер 3,0%-ға, жеке тұлғаларға – 3,1%-ға азайды. Теңгемен кредиттердің үлес салмағы 2020 жылғы мамырдың соңында 83,3%-ды (2019 жылғы желтоқсанда – 83,4%-ды) құрады.
Ұзақ мерзімді кредиттер көлемі бір айда 11 929,0 млрд теңгеге дейін 0,9%-ға азайды, қысқа мерзімді кредиттер көлемі 2 043,9 млрд теңгеге дейін 1,6%-ға ұлғайды.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2020 жылғы мамырда 2 104,6 млрд теңгеге дейін (экономикаға кредиттердің жалпы көлемінің 15,1%-ы) 2,9%-ға ұлғайды.
Салалар бойынша бөлуде банктердің экономикаға кредиттерінің айтарлықтай сомасы өнеркәсіп (жалпы көлемдегі үлесі – 14,0%), сауда (12,1%), құрылыс (4,7%) және көлік (3,8%) сияқты салаларға тиесілі.
2020 жылғы мамырда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 11,4%-ды (2019 жылғы мамырда – 11,9%), жеке тұлғаларға – 17,6% (18,1%) құрады.