Биыл шілде айының қорытындысы бойынша, бір жылда кітап пен кеңсе тауарлары бірден 44,7% қымбаттады. Соның ішінде кітаптар 15%, оның ішінде шет тілінің сөздіктері 15% қымбаттады; Кеңсе тауарлары 64,4% қымбаттады, оның ішінде А4 қағазы – 99,6%, мектеп дәптері – 77,2%, сурет дәптері – 44,1%, түрлі-түсті қарындаштар жиынтығы – 41,9%, шар қалам – 38,6% қымбаттады.
Өңірлер бойынша кітап пен кеңсе тауарлары ең қатты елордада қымбаттады: бір жылда 76,2%. Одан кейін Ақтөбе (68,5%), Батыс Қазақстан (60,1%), Ақмола (59,1%) және Шығыс Қазақстан (58,3%-ға) облыстарында да айтарлықтай қымбаттады.
Білім беруге келетін болсақ, 2023 жылдың шілде айының қорытындысы бойынша, баға бір жылда 13% өсті. Оның ішінде мектепке дейінгі және бастауыш білім беру қызметі – 10,4%, орта білім – 8,3%, кәсіптік орта білім – 18,7%, жоғары білім – 14,4%, ересектерге арналған білім – 16% қымбаттады.
Өңірлер бойынша баға ең көп Түркістан облысында өсті: 26,3%. Одан кейін Қостанай (26,2%) және Ұлытау (25,9%) облыстары. Ал баға ең аз өскен өңір Жетісу облысы: бар болғаны 1,5%.
2022 жылы ҚР-дағы үй шаруашылықтары, ресми мәлімет бойынша, білім беруге орта есеппен 60,9 мың теңге жұмсады, бұл бір жыл бұрынғыдан бірден 50,5% артық.
Шығындардың басым бөлігі мектепке дейінгі білімге жұмсалды: бір үй шаруашылығына орташа есеппен 19,7 мың теңге, өсім 25%. Бастауыш білімге – 1,4 мың теңге, жалпы орта білімге – 4,2 мың теңге, жоғары білімге – 10,7 мың теңге, ересектерге арналған білімге – 1,2 мың теңге жұмсалды. Сонымен қатар, 6,7 мың теңге тамаққа, 3 мың теңге жолақыға, т.б.
Газет, кітап және кеңсе тауарларына жұмсалған қаражатқа келетін болсақ, ресми статистика бойынша, былтыр әр отбасы 8 мың теңге жұмсаған, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 45,6% артық. Мұнда ең көп шығын Қызылорда облысында байқалды: 11,3 мың теңге. Одан кейін Алматы қаласы (11,1 мың теңге) мен Қарағанды облысы (10 мың теңге) келеді. Ең төменгі көрсеткіштер Абай ауданында тіркелді: бір жылда бір үй шаруашылығына небәрі 4,1 мың теңге.