Қазақстанда бір жылда кеңсе тауарлары 64% қымбаттады, деп хабарлайды статистика бюросы.
«Былтырғы шілде айымен салыстырғанда 2023 жылдың шілдесінде кеңсе тауарларының бағасы 64,4% қымбаттады», - делінген хабарламада.
Бәрінен де мектеп дәптерлерінің бағасы шарықтап кетті. Атап айтқанда, 77,2% қымбаттады.
Шарикті қаламдардың құны ресми статистика бойынша 38,6%, түрлі-түсті қарындаштар – 41,9%, сурет дәптерлері – 44,1% қымбаттады.