Кеңсе қызметкерлерінің үштен бірі қара жұмыс істеуге дайын

Кей кеңсе қызметкерлері жаңа сезім мен тәжірибе алу үшін қара жұмыс істеуге бар. 

HeadHunter компаниясының сарапшылары арнайы зерттеу нәтижесі бойынша осындай қорытындыға келіп отыр. 

"Ақ жағалылар, яғни кеңсе қызметкерлері жұмыс барысында стресске көп түседі. Қаптаған есеп берулер мен дедлайндардар қызмкеткерлердің психологиялық қиындықтарға ұшырауына әсер етеді. Нәтижесінде бір кездері кәсіби даму мен лауазымдық өсім үшін келген азаматтар қағазға "көшіліп" қалады. Сауалнамаға қатысқан азаматтардың 38%-ы өздерінің кеңседегі жұмысын қара жұмысқа ауыстыруға дайын екенін мәлімдеген. Ал 41%-ы тек аса қажеттілік болған кезде ғана қара жұмыс істейтінін айтқан", - делінген зерттеуде. 

Тағы 21%-ы өздерінің жоғары білімдері, тәжірибесі мен кәсіби машықтарын алға тарта отырып ешқашан қара жұмысқа бармайтынын айтты. 

Респонденттер мына себептерге байланысты мамандық ауыстыру-ауыстырмасын айтты:

- қара жұмыс ешқашан өзектілігін жоғалтпайды және болашақта қажет болады;

- қосымша табыс көзі;

- дағдарыстан шығудың тағы бір жолы.

Сонымен қатар кей респонденттер өздерінің хоббиі мен өмірлерін түбегейлі өзгерту жолы ретінде де қара жұмысқа бара алатынын айтқан. 

Тағы кейбір азаматтар жаңаша әсер мен тәжіибе алу үшін де қара жұмыс істеуге қарсы емес екенін айтты. 

Тіпті, дене шынықтыру мақсатында да қара жұмыс істеуге кетәрі еместер де табылды. 

Респондеттер ең көп таңдаған қара жұмыс түрлері шаруа, ұста, балықшы, кондитер, автомеханик, нан пісіруші, электрик және тігінші. 

Ең аз таңдалған мамандықтар күзетші, жүк тасушы, жүргізуші, слесарь. \

Компанияның мәліметінше, қазіргі таңда жұмысшы мамандықтарға сұраныс жоғары.