KEGOC жарты жылға 81,25 теңгеден дивиденд төлейді

«KEGOC» АҚ 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша акционерлерге 22,367 млрд теңге дивиденд төлеуді жоспарлап отыр. Бір жай акцияға төленетін дивиденд мөлшері 81,25 теңге болады.

Бұл мәселе компания акционерлерінің 8 қазанда өтетін кезектен тыс жалпы жиналысында қаралады.

Компанияның мәліметінше, 2026 жылдың қаңтар-маусым айларындағы таза пайдасы 54,6 млрд теңгені құрады. Оның 22,367 млрд теңгесі дивиденд төлеуге, ал 32,256 млрд теңгесі компанияның иелігінде қалып, дамуға бағытталмақ.

Дивиденд алуға құқығы бар акционерлер тізімін 14 қазанда тіркеу жоспарланған. Төлемді 1 қарашадан бастау ұсынылып отыр.

Салыстыру үшін, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша KEGOC акционерлеріне 22,27 млрд теңге, яғни бір акцияға 80,90 теңге дивиденд төленген.

Осылайша, биылғы бірінші жартыжылдықтағы дивиденд бір акцияға шаққанда өткен жылмен салыстырғанда 0,35 теңгеге немесе 0,4% жоғары болады.